Шымкентте көлік қағып кеткен алматылық жан сақтау бөлімінде жатыр

291
Жәбірленуші жан сақтау бөлімінде жатыр

Шымкентте жаяу жүргіншіні көлік қағып кетіп, жәбірленуші ауыр жарақат алды. Оқиға Темірлан тасжолының бойында, таңғы сағат 7-ден асқанда болған. Көшеде адам аздығын пайдаланбақ болса керек, жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпек болады. Дегенмен, ол көп ұзамай қолға түсті.

Жәбірленуші жан сақтау бөлімінде жатыр
Жәбірленуші жан сақтау бөлімінде жатыр

Оқиға таңғы елең-алаңда болған. Темірлан тасжолының бойын кесіп өтіп бара жатқан адамдардың бірін көлік қағып кетеді. Салдарынан Алматыдан келген 45 жастағы жігіт ағасы ауыр жарақат алды. Оны ауруханаға інісі жеткізген.

Ал жүргізуші оқиға орнынан ізін суытпақ болады. Дегенмен, дер кезінде қимылдаған полицейлер оны ұстап алды. Осылайша жүргізушіге өзінің әрекетін мойындаудан бас амал қалған жоқ. Дегенмен, ол тергеу барысында оқиғаға жаяу жүргіншінің өзін кіналамақ болды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=scsV_AJ1IG8[/youtube]

Қазір полицейлер осы оқиғаны көрген-білген куәлермен жұмыс жасап жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.