Шымкентте орыс театрының жаңа ғимараты салынады

265
орыс драма театрының жаңа ғимараты

 Шымкент қаласының болашақ әкімшілік-іскерлік орталығында орыс драма театрының жаңа ғимараты салынып жатыр. Өткен жылы қыркүйек айында басталған құрылыс жұмыстарының қазір 2-кезеңі жүріп жатыр. 2 гектар аумақта орналасқан мәдениет нысанының құрылысында 1000-ға жуық жұмысшы жүр. Ғимарат 3 қабатты болады  деп жобаланған. Айта кетейік, 500 орынды театрдың құрылысына қазынадан 1 ,5 миллиард теңге бөлінген. Ал мердігерлер ау райы кедергі болмаса, өнер ұжымына театрдың кілтін келер жылы күзінде тапсырамыз деп отыр.

 орыс драма театрының жаңа ғимараты
Орыс драма театрының жаңа ғимараты

 Балғабай Нұрсейітов, учаске басшысы: «Құрылыс басында ешқандай мәселе жоқ. Тиісті материалдар да уақтылы жеткізіліп жатыр. Қаржы да кешікпей төленуде. Бізге ендігі қалып отырғаны – жұмыс істеу ғана. Сондықтан жұмыс жоспары бойынша қалыспай келе жатырмыз деп айта аламын.»

Қазіргі уақытта құрылыс нысанындағы жұмыс 2 ауысымда, күндіз-түні жүріп жатыр. Жертөлесімен қосқанда 4 қабатты ғимараттың әзірге 1-қабатының құрылысы аяқталған.