Шымкенттіктер қандай су ішіп отыр?

332
Зертханашылар судың сапасын тексеруде

Шымкент қаласы тұрғындары тұтып отырған ауызсу – сапалы! Мұндай бағаны зертхана мамандары беріп отыр. Қаланың тірлігіне аса қажетті тіршілік нәрі Ақбай-Қарасу су қоймасынан жеткізіліп отыр. Су мұнда 60-70 метр тереңдіктен алынады.

Кестеге сай қоймадағы су айына 1 рет, ал үй құбырларынан аққан су күнделікті химиялық, бактериялық зерттеулерден өткізіледі. Мамандар жерлестеріміз ішіп отырған су мемлекеттік және санитарлық талаптарға толық жауап береді деп сендіреді.

Зертханашылар судың сапасын тексеруде
Зертханашылар судың сапасын тексеруде

Айта кету керек, судың құрамын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаушылар да тексереді. Құрамындағы қажетті элементтердің барлығы бар біздің ауызсу табиғи құрамдас бөліктерге бай деседі зертхана мамандары.

Мирамова Алия, «Су ресурстары – Маркетинг» мекемесінің зертхана бастығы: «Қаланың әр жерінде ауызсудың дәмі әртүрлі дегеніне сенбеймін. Олардың бәрі бір. Сенбесеңіздер, бізге алып келіңіздер. Бір ғана айта кететіні, қаладағы кейбір жерлерде су құбырларын ауыстыру керек. Әбден тозығы жеткен құбырлардағы тат пен тұздың кесірінен су біраз өзгеріске ұшырайды. Соның өзі тексерілген судың сапасы қалыпты дей аламыз».