Шымкенттік фристайлшы қыздар Сочи Олимпиадасына қатысады

250

Мұрат Аблятифов Шымкентке өте сирек келеді. Оңтүстіктің тумасы болғанымен, жаттығу кестесі осындай деп, бапкер өз уәжін жасырмады. Оңтүстікте фристайлмен жаттығуға мүмкіндік жоқ. Сол себепті де бір жылдың ішінде 10 ай уақыт шәкірттерімен бірге Европада жаттығады.

Жаттығу құралдарының бірі - осы
Жаттығу құралдарының бірі – осы

Жаттығулардың мұндай кестесіне оның шәкірттері де үйреніп қалған. Фристаилшылардың Чехиядағы оқу-жаттығу жиынынан оралғанына бір аптадай ғана болды. Енді АҚШ-қа жол тарпақ. Ал Оңтүстіктегі аз ғана уақыттың өзін олар осы залда өткізеді. Әр күнді босқа өткізуге болмайды. Өйткені олар Сочи Олимпиадасына дейін әлемдік рейтингтегі орындарын жоғарылатуы тиіс.

Мұрат Аблятифов, фристайл жаттықтырушы: «Бір жылдың ішінде бір жарым ай ғана үйде боламыз. Себебі, мұнда жаттығатын орын жоқ. Тек Европада ғана шеберлігімізді шыңдай аламыз. Кезінде Алматыда салынған спорт базасы да қазір істен шығып тұр. Осы жолғы сапардан кейін Финляндияға жол тартамыз.»

Қазір әлемдік рейтингте Оңтүстіктің спортшыларынан Жібек Арапбаева 17, ал Жанбота Алдабергенова 18-ші сатыда келеді. Үздік 25-тіктің сапындағы екі бойжеткен Олимпиадаға жолдамаға ие. Ал тағы бір спортшымыз – Бағлан Іңкәрбек әзірге 27-ші орында тұр. Жерлесіміз алдағы Әлем кубогінің алты кезеңінде тиісті ұпай жинап, өз деңгейін жоғарылатуы тиіс.

Бағлан Іңкәрбек, спортшы: «Қазіргі таңда дөп басып еш мәлімет бере алмаймын. Барлығын спорт алаңы көрсетеді. Әрине, жүлделі болудан дәмеліміз. Бірақ, дода барысында күтпеген жаңдай болып қалуы да мүмкін.»

Сондай ақ, Қытайда желтоқсан айында өтетін Әлем чемпионатында Ақмаржан Қалмұрзаева мен Руслан Аблятифов та әлем рейтингісінде орындарын жоғарылатуға тырысады. Өйткені алғашқы 25-тікке ілінген спортшы ғана Олимпиадаға қатыса алады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hGZjPMwaNKc[/youtube]