Туризмді дамытуды немістерден үйренеміз

Жарнама беру мәселесінде кемшіліктер көп дейді неміс әріптес

Оңтүстіктегі демалыс орындарына туристерді қалай тартамыз? Осы мәселе аясында «Эко Вилладж Қасқасу» демалыс аймағының басшылығы Германиядан келген әріптестерімен тәжірибе алмасты. «Табиғаты тамаша өлкеден туристерді қысы-жазы айырмау үшін түрлі сервистік қызметтерді көбейту керек» деп санайды құрметті қонақ Вольфганг Фалькнер.

Жарнама беру мәселесінде кемшіліктер көп дейді неміс әріптес
Жарнама беру мәселесінде кемшіліктер көп дейді неміс әріптес

Вольфганг Фалькнер, Германиядағы егде сарапшылар қызметінің өкілі: «Мен мұнда проблеманың маусымаралық уақытта туындайтынына куә болдым. Яғни, маусым біткенде келетін демалушылар саны күрт азайып кетеді екен. Бірақ бұл мәселелерді шешуге болады деп ойлаймын. Бұл жөнінде мен бірнеше ұсыныстар жасадым. Демалыс аймағының басшылығы тыңдады. Енді ұққанын қажетіне жаратар».

Фалькнер мырзаның айтуынша, демалыс орнынан қонақты күндіз-түні үзбеу үшін бармағынан бал тамған аспаздар дәл осында жұмыс істеуі шарт. Түрлі косметикалық компаниялар өз өнімдерін осында жарнамалап, түрлі байқаулар өткерсе, ол да клиентті шақыруға сеп болмақ. Семинарлар мен басқосулардың да осында ұйымдастырылуы да қосымша жарнамаға кіреді екен.

Аталған демалыс аймағының ашылғанына 3 жылдан асты
Аталған демалыс аймағының ашылғанына 3 жылдан асты

Қонағын Құдайындай сыйлаған халық емеспіз бе?! Фалькнер мырзаға алғыс ретінде аталған аймақтың басшылығы Қазақтың шапанын жауып, құрметтеді. Ашылғанына 3 жыл болса да алыс-жақын шетелдерге танымал болып үлгерген «Эко Вилладж Қасқасу» аймағының ұжымы Елордада қыркүйектің соңына қарай өтетін халықаралық турзим көрмесіне қатыспақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=pUXx8jNkdbU[/youtube]