Бейнекамералар енді базарға орнатыла бастады

378
Базарға орнатылған камералардың бірі

 

Бұдан былай қала базарларында орын алатын қылмыс саны кемиді. Сауда орындарының басшылары мен тәртіп сақшылары осылай деп сеніп отыр. Қоғамдық орындағы ұрлықтың азаюына базарларда орнатылатын бейне-бақылау камераларындағы жазбалар көмектеспек. Мұндай бастама былтыр Шымкенттегі білім ұяларында қолға алынған болатын. Ендігі кезек көпшілік жиі шоғырланатын орындарға да жетті.

Базарға орнатылған камералардың бірі
Базарға орнатылған камералардың бірі

Жаңалыққа алғаш болып үн қосқандардың бірі – «Айна» базарының басшылығы. Мұнда 18 жерге орнатылған бейнекамералар аумақтағы барлық жағдайды алақандағыдай бақылауға мүмкіндік береді. Сауда орнына келген тұтынушылар мен сатушылар, автотұрақтағы көліктер – бәрі-бәрі бақылауда.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4mucK-EAehs[/youtube]

Бұл бейне-бақылау жүйесі учаскелік полицейлер үшін де тиімді болып отыр. Айтуларынша, қондырғы орнатылғалы бері өзгенің мүлкіне қол салатын сұғанақтар саны кеміген. Сауда орнында бейне-бақылаудың бар екенін білетін саудагерлер де қауіпсіздікті сезініп қалыпты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=3yUrC_kcxJo[/youtube]

Бұдан бөлек «Айна» базарының басшылығы осында келіп-кетушілерге жағдай жасау мақсатында көлік тұрағының аумағын ұлғайтқан. Өрт сөндіру көлігінің кіріп-шығар жолы да кеңейіпті.