Елбасы кітабының тұсауы кесілді

Бұл кабинет кітапхана ретінде де пайдаға аспақ
Кітап бес мың данамен шыққан
Кітап бес мың данамен шыққан

Таяуда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Когда мысль – материальна» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Ұлт көшбасшысының еңбегін елімізге белгілі қоғам қайраткерлері насихаттап, Президенттің адами қасиеттерінен сыр шертті.

«Ой жеткен жерге қол да жетеді». Елбасының орыс тілінде Мәскеуде жарық көрген кітабы осы мағынаны меңзейді. Бес мың данамен шыққан еңбек Президенттің шетелдік іргелі оқу орындарында оқыған лекцияларының жиынтығынан құралған.

Қарлығаш Сапарбаева, ОҚМПИ филология факультетінің деканы: «Кітаптың «Когда мысль – материальна» деп аталуының өзі оның санадағы ойдың салмақтала сарапталып берілуін білдіреді. Онда бүкіл Тәуелсіздігіміздің тарихы таңбаланған, Егемендігіміздің болашақтағы жоспарлары нақты айқындалып көрсетілген. Егемендіктің алғашқы жылдарында ел енді ғана қаз-қаз басып тұрған сәтте Елбасы біздің қазіргі көріп отырған заманымызды болжай алған. Мені тәнті еткені де сол болды.»

Ғылыми конференцияға келген Мырзатай Жолдасбеков, Әбсаттар Дербісәлі, Өмірзақ Айтбаевтардың да айтары біреу. Ойы дара, жолы сара азаматтың қиын-қыстау кезеңде елді дағдарыстан алып шыққаны – оның ерлігіне тәнтілік. Жастарды сондай қасиетке баулу.

Бұл кабинет кітапхана ретінде де пайдаға аспақ
Бұл кабинет кітапхана ретінде де пайдаға аспақ

Мырзатай Жолдасбеков, қоғам және мемлекет қайраткері: «Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың есіктегі басын төрге сүйреген, жоқ жерден, қирап қалған орнынан Қазақстан мемлекетін орнатқан, Тәуелсіздігімізді алып келген, ата-бабамыз аңсаған арманға жеткізген, өзі де бірге жеткен, ол мемлекеттік әлемге танытып, мойындатқан аса бір кемеңгер тұлға. Сондықтан Елбасының еңбегін зерттейтін ғылыми институттар, ғылыми орталықтар ашылуы керек. Ол біздің студентттеріміз үшін, магистрантттар үшін өте керек.»

Педагогикалық институтта бұл күні Елбасы атындағы ғылыми-инновациялық кабинет ашылды. Мұнда Президенттің 200-ден аса жеке еңбегі мен Ұлт көшбасшысы туралы жазылған зерттеулер орналасқан. Соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған кабинет үздік студенттер мен ғылыми оқытушылар үшін тәулік бойы жұмыс істейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ALj7YV2-4fk[/youtube]