Шымкентте күркетауық фестивалі өтті

Күркетауық өнімдерін сенбі сайын әл-Фараби алаңында өтетін жәрмеңкеден сатып алуға болады

Дәмді еттен дәм татылған күн. Жақында «Ордабасы құс» фабрикасы шаһар жұртшылығын күрке тауық етімен сыйлады. Жеңсік асқа арнайы фестиваль ұйымдастырған компания басшылығы жәрмеңкеге 1 тонна түйетауық етінен 10 түрлі өнім пісіріп әкеліпті. Бұл күні Әл Фараби алаңына барған тұрғын бос қайтқан жоқ. Ең алдымен күркетауықтың түр-түрінен дәм татып көріп, көңіліне хош көргенін сатып алып жатты.

Бұл күні күркетауық еті мен шұжығынан 1 тонна өнім сатылымға түсіп, базар нарқынан 30 пайызға арзан пұлданды. Фабрикадан босатылған бағамен саудаланған түйетауық өнімдерін әр аптаның сенбісінде осында өткізілетін жәрмеңкеден табуға болады.

Күркетауық өнімдерін сенбі сайын әл-Фараби алаңында өтетін жәрмеңкеден сатып алуға болады
Күркетауық өнімдерін сенбі сайын әл-Фараби алаңында өтетін жәрмеңкеден сатып алуға болады

Мақсат Құралбаев, «Ордабасы Құс» фабрикасының өкілі: «Бүгін күркетауық етінен 500 келі, шұжығынан 500 келі алып келдік. Түйетауықтың сан етінен, қанатынан жалпы саны 10 түрлі тағам пісіріп, сатып жатырмыз. Шұжықтарымыз да әр алуан. Тіпті, түйетауықтың қазысы да бар. Өзіңіз көріп тұрсыз, сатып алушылар өте көп. Өйткені, бағасы арзан. Мәселен, базарда мың теңгеден сатылған шұжықты мұнда 815 теңгеден сатып жатырмыз.»

Оңтүстіктің жұртына ғана емес, барша республикаға танымал болып үлгерген «Ордабасы құстың» құрылғанына биыл үшінші жыл толды. Ішкі нарықтың 75 пайызын құс етімен қамтамасыз етіп үлгерген мамандар қалған өнімдерін ТМД елдеріне жібереді. Жалпы, елімізде алдағы 7 жылда құс өнімдерін дамытуға 60 миллард теңге қаралған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=2GMbMJHrMWY[/youtube]

 Гүлмира Исаева, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі: «Мемлекет тарапынан қолдау қашан да жүзеге асырылып келеді. Бұл бағытта кешенді жоспар түзілген. Ендігі меже – ет-құс өнімдеріне деген сұранысты арттыру.»

Жәрмеңкеде бұл күні азық-түлік өнімдері де саудаға шықты. Шымкенттіктер күркетауық өнімінің сан түрін сатып алып жатқанда «Мейрам Груп» мейрамханалық холдингі оларды қонақ ету үшін палау басты.