«Самал» базарынан тағы өрт шықты (фото)

180
Одан кейін тілсіз жауды сөндіруге кірісті

Жексенбі күні Шымкенттегі ірі сауда орындарының бірінен өрт шықты. Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан «Самал» базарынан өрт шыққан. Бұл туралы суыт хабар кезекшілерге кешкі сағат 17:49-да түсті. Оқиға орнына бірнеше арнайы көлік пен ондаған маман шұғыл аттанады.

Базарға түсетін жолда көлік кептелісі орын алды
Базарға түсетін жолда көлік кептелісі орын алды
Жол полициясының қызметкерлері қозғалысты реттеп жатыр
Жол полициясының қызметкерлері қозғалысты реттеп жатыр
Оқиға орнына адамдар жиналып қалған
Оқиға орнына адамдар жиналып қалған
Өрт сөндірушілер бұйымдарды сыртқа шығаруда
Өрт сөндірушілер бұйымдарды сыртқа шығаруда
Одан кейін тілсіз жауды сөндіруге кірісті
Одан кейін тілсіз жауды сөндіруге кірісті
Жалын 258 шақырым метр аумақты шарпыған
Жалын 258 шақырым метр аумақты шарпыған

Бізге анық болғандай, Өрт сөндірушілер жалынды 20 минуттың ішінде сөндіріп үлгерді. Абырой болғанда адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.