Шымкентте Қарабұлақ ауылының Суперкубогі сарапқа салынды

522
Биылғы маусымды "Еңбекшілер" қос Куабокті де жеңіп алды

«БИІК» стадионының жасыл алаңында Сайрам ауданының аяқдопшылары Қарабұлақтың суперкубогін сарапқа салды. «Еңбекшілер» командасы «Орталықтың» футболшыларымен бақ сынады. Осыған дейін жергілікті 14 команда арасында чемпиондарын анықтап алған олар енді Кубок иелері арасында арнайы матч өткізді. Команданың басым бөлігі Қарабұлақтың жастары, тек үш футболшы ғана өзге аудандардан келген.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-DiUK9CQTLU[/youtube]

«Қарабұлақтың өзінде 70 мыңға жуық халық тұрады» дейді жергілікті футбол федерациясының президенті. Бүгін мұнда 14 футбол командасы бар. Олардың арасында жыл сайын чемпионат өтіп тұрады. Биыл алғаш рет қалалық лигада мықтылығын сынға салып көріпті. Ал Қарабұлақ біріншілігінде екі топқа бөлініп, «Б» тобының соңғы сатысына орналасқан екі команда келесі жылы жарысқа қатыстырылмайды. Оның үстіне жастар командасы да құрылып жатқан сыңайлы.

Биылғы маусымда «Еңбекшілер» қос Кубокті де жеңіп алды. Ал Суперкубокта бұл жолы «Еңбекшілер» топжарып, қарсыластар қақпасына алты гол соғып үлгерді. Ал «Орталықтың» аяқдопшылары екі рет 11 метрлік соққыны орындай алмай, әбігерге түсті.

Осылайша Суперкубоктың иесі белгілі болды. «Еңбекшілер» жеңіске жетті. Футболшылардың ендігі мақсаты – екі жылдан кейін Екінші лигада сынға түсіп, төрт жылда Бірінші лигаға жолдама жеңіп алу.