Түркістанда жалған құжат әзірленгендер ұсталды (бейнекадрлар)

229

 Мемлекет қаржысын ысырап еткен түркістандық жұмыспен қамту орталығы мен жекеменшік серіктестіктің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Олар «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 7 азаматты жұмысқа қабылданды деп құжат өткізіп, ай сайын жастар тәжірибесі бойынша ақша алып отырған. Соның нәтижесінде мемлекеттің қаржысы талан-таражға ұшырады. Бүгінде қылмысы әшкереленген азаматтар жазаланды. Үкіметке келген шығын толығымен қайтарылған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=iF9UFlog5n8[/youtube]