Cалт атты полиция қызметкерлері ел тыныштығын күзетуде

ЖПП полкінің атты полиция взводы
Атты полиция қызметкерлері жұмысқа дайындық үстінде
Атты полиция қызметкерлері жұмысқа дайындық үстінде

Биыл облыста Атты полиция жасағының құрылғанына 6 жыл. Осы уақытта кавалерия ротасы бір рет қысқартылып, тұлпарлары таратылып та жіберілген. Алайда, қала іргесіндегі қылмыстық ахуалды қадағалауда таптырмайтын тәсіл болғандықтан бұл жасақ қайта құрылып, қызметін жалғастырды.

жасақ кешкі жетіге дейін көбіне көлік жүрмейтін, көзден таса жерлерді бақылайды
жасақ кешкі жетіге дейін көбіне көлік жүрмейтін, көзден таса жерлерді бақылайды
 Бекзат Әлсейітовтің қанаты астындағы "Каланчин" лақапты тұлпарымен
Бекзат Әлсейітовтің қанаты астындағы «Каланчин» лақапты тұлпарымен

Күнделікті жұмысы сағат таңғы 8-ден басталатын жасақ кешкі жетіге дейін көбіне көлік жүрмейтін, көзден таса жерлерді бақылайды. Қазіргі таңда құрамында 25 қызметкері бар атты полиция қызметіндегілердің дені – жануарлардың сырын жақсы түсініп, ат құлағында ойнайтын шабандоз. Олардың қарамағында 23 қызметтік жылқы бар.

Атты полиция взводының қызметкері Бекзат Әлсейітовтің қанаты астындағы «Каланчин» лақапты тұлпары. Осыған дейін бұл екеуінен ешкім қашып құтылған емес. Бұл жолы да шабандоз тәртіп сақшысының назарына іліккен күдіктілер жолсызбен қашуға тырысты. Бірақ, онысы бос уәре болып қалды. Қашқандар күнгейге заңсыз келген шет елдіктер екен.

Патрульдік полиция қызметкерлері күннің ыстық-суығына қарамастан тәулік бойы кезекшілікте жүреді. Мамандардың айтуынша бұл қызметте ер қанаты – тұлпардың да шыдамды болуы маңызды.