Діни сенім телефон нөмірі ашылды

416
"Қауырт желі" нөмірі 114

Сізге діни кеңес және психологиялық көмек керек пе? Онда тегін негізде 114 телефон нөмірінен хабарласыңыз.

Облыстық әкімшілік аппаратында ҚР Діни істер агенттігінің төрағасы Марат Әзілхановпен онлайн режимінде «Е-Ислам» ақпараттық-ағартушылық ғаламтор-порталының  тәуліктеп жұмыс істейтіні сөз болды. Сондай-ақ, тәулігіне 24 сағат дін мәселелері бойынша кеңес беру мен шағымдарды қабылдауға арналған «Қауыр желі-114» жобасының таныстырылымы болып өтті. 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=r21r_UudHuI[/youtube]

Жұмысын бастағанына 2 апта болған «Е-Ислам» порталына 300 ге жуық сауалдар түскен. Оқырмандар сайт парақшасынан діни сұрақтарына байланысты ақпараттар ала алады. Былтырғы жылы агенттік теріс діни ақпарат тарататын 50-ден  аса сайттың жұмысын тоқтатқан. Республика көлемінде жұмыс жасайтын 114 жедел желісінде дінтанушылар мен психологтар кеңес береді.

"Қауырт желі" нөмірі  114
«Қауырт желі» нөмірі 114