Іздеуде жүрген күдікті қарумен ұсталды (видео)

381
Шұғыл түсірілім

Шымкенттің тәртіп сақшылары қарақшылық шабуыл жасап, іздеуде жүрген күдіктіні қаруымен ұстады. 12-қараша күні Еңбекші полиция бөлімінің қызметкерлері «Арлан» жасағының сарбаздарымен бірге арнайы операция жүргізді. Соның нәтижесінде қаладағы көшелердің бірінен «Нексия» көлігі тоқтатылған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=pn-yuZxSIlA[/youtube]

Тексеру барысында көліктің ішінде отырған жолаушының қарақшылық шабуыл жасаған деген күдікпен іздеуге жүргені анықталды. Үстіміздегі жылдың ақпан айында Шымкент тұрғынына бегісіз біреулер қарулы шабуыл жасаған болатын. 28 жастағы Сайрам ауданының тұрғынын тінту барысында оның қалтасынан оқтары бар тапанша табылды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=FR2Mu1PSuNw[/youtube]

Күдікті азамат өзінде тапанша қайдан пайда болғанын білмейтінін айтып, сол айтқанынан қайтпай қойды. Қазіргі таңда қолға түскен күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалған. Оның үстінен қарақшылық шабуыл жасау және қаруды заңсыз алып жүру фактілеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім