Ордабасылық мақташылардың терімі жақсы

617
мақта

Оңтүстік өңірінде мақта терімі жалғасуда. Бүгінге облыстағы алты аудан қырмандарды 376 мың тонна ақ алтынмен толтырған. Жоспарды орындауға 6 мың тонна шитті мақта қажет. Өткен жылмен салыстырғанда мақта алқабы 1 мың гектарға азайған.Себеп- су тапшы.

Саин Бақтыбаев, «ҚазақМақта ассоциациясы» ЗТҚ төрағасы: » Биыл ауа-райының қолайсыздығынан мақтаны екі аптаға кешігіп егілді. Алайда осыған қарамастан терім жаман емес. Мақташылар қазіргі таңда  суармалы судан  қиындық көріп отыр. Сондықтан да,  шаруалар ылғалдылықты көп қажет етпейтін дақылдары  егуде».

мақта
мақта

Ордабасылық мақташылар 300 гектар мақта алқабынан 30 центнерге дейін жоғары сұрыпты шитті мақта жинады. Бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда жоғары, бір келісі 88-90 теңге төңірегінде. Арнайы экономикалық аймақта орналасқан «ХлопкоПромЦеллюлоза» мекемесі өндірісте осы мақтаны пайдаланады.Отандық өнімдердің қатарын толықтырған кәсіпкер келешекте өндірісті кеңейтуді көздеп отыр.

Қайнар Абасов, «ХлопкоПромЦеллюлоза» ЖШС-нің директоры: » Бүгінде  өндірісте пайдаланатын  мақта  өзіміздікі және де өзге шаруа қожалықтарынан сатып аламыз. Өңделген өнім экспортқа  шығарылады. Үкімет тарапынан қолдау жақсы. Ұсынған жобаларымыз әзірге қолдау табуда».

Мекемедегі жаңашылдықтармен жақында өңірге іс-сапармен келген сала министрлігінің өкілдері кәсіпкердің бұл жоспарын жүзеге асыруға қолдау көрсететінін жеткізді.