Пәтеріндегі өрттен үй иесі күйіп қалды (видео)

226
Шұғыл түсірілім

Таяуда Шымкент қаласында кезекті рет өрт оқиғасы тіркелді. Елшібек батыр көшесінің бойындағы үйлердің бірінен өрт шыққан. Осындағы 4-қабатағы пәтердің ішіндегі төсек-орын жанып жатады. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 4 арнайы көлігі мен 14 маманы шұғыл аттанады. Оған қоса апатты-құтқару жасағының қызметкерлері ле келіп жетті.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Куәгерлердің айтуынша, жанып жатқан пәтердің ішінде бір адам қалып кеткен. Одан көптен бері хабар болмапты. Өрт сөндірушілер дереу ұзын сатымен пәтердің терезесінен кіріп, тілсіз жауды сөндіріп тастады. Одан кейін үй иесін сыртқа алып шықты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=PofW8GjiPk8[/youtube]

31 жастағы азамат қатты зардап шеккен. Денесінің 20 пайызы күйіп қалыпты. Оны оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері ауруханаға алып кетті. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.