Созақ ауданының әкімі есеп берді

344
Созақ ауданының әкімі мал ұрлығына тосқауыл қоймақ

Созақ ауданының әкімі 9 айда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Аманғали Аймұрзаев ауданның барлық саласында ілгерілеушілік байқалатынын баяндады. Ағымдағы жылы  аудандық бюджетке 3 миллиард 130 миллион теңгеге кіріс болып, жоспар 112,3 пайызға орындалыпты. Есепті мерзімде өндірілген тауардың көлемі 131 миллиард 627 миллион теңгені құрап, өткен 2012 жылмен салыстырғанда 109 пайызға немесе 9 миллиард 106 миллион теңгеге артты. Суармалы жерді игеру, баспанамен қамту, мектеп құрылысы бойынша берілген тапсырмалар 100 пайызға орындалыпты.

Созақ ауданының әкімі мал ұрлығына тосқауыл қоймақ
Созақ ауданының әкімі мал ұрлығына тосқауыл қоймақ

Аманғали Аймұрзаев, Созақ ауданының әкімі: «Ауданда суармалы жерлерді ұлғайту мақсатында 4 ауылдық округі аумағынан 7 су тоғанын салуға аудандық бюджеттен техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 65 212 мың теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізіледі.»

Ішкі жолдарды жөндеуге арналған 88 миллион теңгеге 13,3 мың шақырым жол жөнделіп жатыр. Аудандағы 14 елдімекенде ауыз су құбыры жүргізілген, 8 ауылға су кестемен берілуде, 6 елдімекендегі су жүйесін қайта құру қажет. 12 елдімекенге жер асты суына гидрогеологиялық зерттеулер нәтижесінен кейін ауызсу құбырын тарту қажет. Тасты -Шу топтасқан ауызсу құбыры құрылысы бойынша қазіргі таңда Шу ауылына демеушілердің есебінен қосымша ұңғы құдық қазылып, 11 миллион теңгеге су тазартқыш қондырғысы орнатылып, халыққа таза ауызсу берілуде.

Осынау оң істерді атап кеткен әкім осы тұста теріскейдегі қылмыстың 46 пайызға өскенін тілге тиек етті. Әсіресе, мал ұрлығы өршіп барады.

Аманғали Аймұрзаев, Созақ ауданының әкімі: » Былтырғы жылмен салыстырғанда қылмыс 46 пайызға өскен. Тіркелген қылмыстың 95 пайызы мал ұрлығына қатысты. Қазіргі таңда ауыл әкімдеріне тапсырма берілді. Олар халықпен кездесіп, жайылымда малдарын иесіз қалдырмауды  түсіндіруде.»

Әкім атап өткендей, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі арта тсүкен. Өткен жылы 1 қызметкер 7 жылға бас бостандығынан  айрылып, 9 қызметкер сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқықбұзушылықтары үшін тәртіптік жазаға тартылған. Соның нәтижесі болар, ағымдағы жылдың 9 айында бірде-бір қызметкер сыбайлас жемқорлыққа байланысты жазаға тартылмаған.