Бес қабатты үйден өрт шықты

219

Шымкенттегі бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

өрт сөндіру техникалары да сақадай сай
өрт сөндіру техникалары

Қаланың ортасындағы Республика даңғылында орналасқан көпқабатты үйден шыққан жалын жарты сағаттың ішінде ауыздықталды. Өртті сөндіруге  Оңтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдай департаментінің өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамының 17 адамы жұмылдырылды.

20 шаршы метр жер отқа оранды. Оқиға орнынан 29 адам қауіпсіз жерге шығарылды, олардың ішінде 7 бала бар. Ал 43 жастағы әйелді құтқару мүмкін болмады.

Арман Әсібеков, облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз жетекшісі: «Бес этажды үйдің үш бөлмелі пәтердің бір бөлмесі өртке оранып жатыр екен. Өрттің алаңы 20 шаршы метрді құрады. Өртті дер кезінде сөндірдік. Өрт 23:50-де тоқтатылып, 24:15-те толық сөндірілді».