Облыстық соттағы ауыс-түйіс

Облыстық соттың судьясы Спабек Қамытбай құрметті еңбек демалысына шықты

Облыстық сотта кадрлық өзгерістер орын алды. Сот төрағасы Нұрсерік Шәріпбек салада 30 жылдан астам еңбек еткен Спабек Қамытбай, Гүлмира Шайбекова және Ерік Османовтың иықтарына шапан жауып, құрметті еңбек демалысына шығарып салды. Енді ардагер судьялардың орнына жас мамандар келеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=D92tApLaobU[/youtube]

Солардың бірі – облыстық экономикалық соттың судьясы болып бұрын Мақтараал аудандық сотында қызмет атқарған Қуандық Мырзахметов тағайындалды. Сондай-ақ, Шардара ауданының судьясы болғанНұрлан Биболов облыстық соттың судьясы қызметіне кіріспек. Ал Әл-Фараби ауданының судьясы болып Қостанай облысынан келген Еркебұлан Төлешов тағайындалса, Маңғыстау облысынан ауысып келген Тамара Исмаилова Еңбекші аудандық сотта қызмет атқармақ. Төрағаның айтуынша, жыл соңына дейін әлі бірқатар өзгерістер орын алады.

Облыстық соттық төрағасы зейнет жасына жеткен қызметкерлермен қоштасып, жаңа судьяларды тағайындады
Облыстық соттық төрағасы зейнет жасына жеткен қызметкерлермен қоштасып, жаңа судьяларды тағайындады

Облыстық соттың судьясы Спабек Қамытбай құрметті еңбек демалысына шықты
Облыстық соттың судьясы Спабек Қамытбай құрметті еңбек демалысына шықты
ОҚО экономикалық сотының судьясы болып, бұрын Мақтарал аудандық сотында қызмет еткен Қуандық Мырзахметов тағайындалды
ОҚО экономикалық сотының судьясы болып Қуандық Мырзахметов тағайындалды