Пиротехниканы сатуға болмайды!

300

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Wqze4AqXkYk[/youtube]

Бір ғана Шымкент қаласы бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өрт шығу оқиғасы 17 пайызға өскен. 2012 жылы қала аумағында 174 рет тілсіз жау тұтанса, биыл өрт сөндірушілер 204 рет дабыл бойынша аттанған.

 Сол себепті Жаңа жыл мерекесі қарсаңында келеңсіз оқиғаның алдын алу мақсатында Шымкент қалалық төтенше жағдай басқармасының мамандары қаладағы барлық базар басшыларының басын қосып, Қытайдан әкелінген жаңа жылдық пиротехника мен отшашуды сатуға қатаң тыйым салды. Бүгін өртқе қарсы күрес қызметінің мамандары қала базарларында сатушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларға кезекті рет ескерту жасады.