Полицейлер базарларды тексеруде

166

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=mOi9_91KLu8[/youtube]

Шымкент қаласының тәртіп сақшылар базарларға рейд ұйымдастырды. Мұндағы мақсат – пиротехникалық заттардың заңсыз саудасының алдын алу. Жаңа жыл қарсаңында базар маңында отшашуды саудалайтындардың қатары қалыңдайтыны жасырын емес.

 Тексеру жұмысының мақсаты қандай да бір сәтсіз жағдайды болдырмауға тырысу. Пиротехникалар Қытайдан жеткізілетіні белгілі. Ал бұл тауарды сату үшін саудагердің арнайы лецензясы болуы керек. Бірақ, бір апталық кәсіп үшін алыпсатарлар құжатпен басын ауыртқысы келмейді. Облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция қызметкерлерінің мәліметінше, мұндай тексеру алдағы 10 күнге жалғасады.