Сайрам аграрлық ауданнан өнеркәсібі дамыған ауданға айналды

425
Сайрам ауданының әкімі:"Ауданның бюджеті ауыл ағайындарының мәселесін шешуге мүмкіндік береді"

Облыс әкімдігінде Сайрам ауданының әкімі Уәлихан Қайназаров жыл басынан атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Қалаға көрші орналасқандықтан, ауданның экономикасы жылдан-жылға дамып келеді. Тіпті, Сайрам таяуда өндірістік аудан аталуы әбден мүмкін дейді аудан әкімі.

Сайрам ауданының әкімі:"Ауданның бюджеті ауыл ағайындарының мәселесін шешуге мүмкіндік береді"
Сайрам ауданының әкімі:»Ауданның бюджеті ауыл ағайындарының мәселесін шешуге мүмкіндік береді»

Уәлихан Қайназаров, Сайрам ауданының әкімі: «Ауданда 122 өнеркәсіп кәсіпорны бар.  Олар жылдың басынан 33,2 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Үдемелі индустиралдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жоспарға сәйкес биыл 4 жобаны іске  қосу керек болса, нақты құны 1 миллард 948 миллион теңгелік 5 жоба іске қосылды, 241 жаңа жұмыс орны ашылды. Олар: «Акмал» ЛТД ЖШС», «Барыс- 2007» ЖШС, «Сайрам сүт», «Ифтихари» ЖК ,»KazTel».

Жыл басынан  ауданда тіркелген кәсіпкерліку субъектілердің саны 20702-ке жеткен. 10 айда жаңа 313 кәсіпкерлік субъектісі ашылып, 536 адам жұмыспен қамтылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда  бұл көрсеткіш 2 есеге артып отыр. Биыл жергілікті бюджетке ішкі табыс есебінен 3 миллард теңгеден астам қаржы түскен. Бұл қаражат аудандағы бірнеше мектептердің жағдайын түзеуге мүмкіндік берді.

Уәлихан Кайназаров, Сайрам ауданының әкімі: Аудан бойынша 105 білім ошағы болса, оның ішінде  типтік үлгідегі 68 мектеп, 37 мектеп ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан.  Биыл жалпы 11 мектептің  құрылыстары жүргізіліп, 7 мектеп пайдалануға тапсырылды. Республикалық бюджет есебінен 3 мектеп, 1 балабақша салынды.»

Әлеуметтік мәселелер де кезеңімен шешілуде. Аудандағы 73 елдімекеннің басым бөлігі ауызсуды тәулік бойы пайдаланады. Қалғанына тіршілік нәрі бекітілген кестемен беріледі. Алайда, суды тасып ішетін ауылдар да жоқ емес. Аудан басшысы жақын болашақта Сайрамға қарасты 6 ауылдық округтің Шымкентке өтуіне байланысты туындайтын проблемаларға да тоқтала кетті.

Уәлихан Қайнаразров, Сайрам ауданының әкімі :  Жаңа Талап, Қара төбе, Жұлдыз, Тассай, Бадам ауыл округтері қалаға өтеді. Бұл оңай процедура емес, мемлекеттік актілерді рәсімдеу, шекараларды бекіту керек. Мүмкін, атаулары өзгеретін шығар.  Бұл мәселені желтоқсан айында депутаттар тағы талқылайды. Облыс әкімдігінде де ауыл округі аппараты, ауыл әкімдіктері қалай жұмыс жасайды, тұрғындар мәселесін қайда барып шешеді деген мәселелер қаралуда. 100 мыңға тарта халқымен 6 ауыл округі қалаға өткенде, мұғалімдер, дәрігерлер 25 пайыз  ауыл коэфициенті жеңілдіктерінен айрылады.»

Биыл республикалық бюджеттен 109,1 миллион теңге бөлініп, Көмешбұлақ ауылындағы коммуналдық меншіктегі екіқабатты тұрғын үйлерді қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты  Тәуелсіздік күніне аяқтап, 48 мұқтаж азаматты баспанамен қамту жоспарлануда.

Ағымдағы жылы аудандық бюджет 217,3 миллион теңге бөліп, 17 көшеге жалпы, 21,8 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілген. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 189,4 миллион теңге бөлініп, 14 көшеге жалпы, 26,2 шақырым  жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Денсаулық сақтау саласына 4 325 миллион теңге қаралған. Биыл 5 денсаулық сақтау нысаны – Сарыарық, Ошақты медициналық бекеттері, Сиқым, Көмешбұлақ ФАП, Исфиджаб дәрігерлік амбулаториясының құрылыстары аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Бескепе медициналық бекеті пайдалануға беріледі. Сайрам ауданында 47 мәдени ошағы халыққа қызмет көрсетеді.

Ауданда 455 спорт ғимараты бар. Биыл аудандық бюджеттен Ақсукентте спорт залы мен жабық футбол алаңы құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы бөлінді.