Тәуелсіздік көшесіне барсаңыз, батпаққа батасыз (фоторепортаж)

552
бастауыш сыныптың оқушылар үшін бұл жолдан өту-ерлік

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=7bP1qOq5dQw[/youtube]

 Уәде қашан орындалады? Балшыққа батқан Шұбарсу ауылының тұрғындары осылай деп ашынады. Қазір елдімекеннің көшелеріне көлік кіретіндей жағдайда емес. Әсіресе, Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тасжолға зар болып отыр. Жауын-шашында аяқтары балшыққа малынып жүретін тұрғындар жыл сайын құрғақ уәдемен тойғызып келген жергілікті билікке өкпелі.

Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары таза жолды аңсайды
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары таза жолды аңсайды

Шұбарсу ауылындағы Тәуелсіздік көшесінің сиқы – осы. Кеше-бүгін пайда болған жаңа көше емес, тұрғындардың алды 30 жылдан бері осында тұрып келеді. Әсіресе, ауылдың үлкен мектебіне апаратын жалғыз жолмен жүретін оқушыларға қиын тиіп тұр.

Оқушылар балшықты белшеден кешіп, мектепке баруға мәжбүр
Оқушылар балшықты белшеден кешіп отырып мектепке баруға мәжбүр

 Бақдаулет Пердебаев, Балтабай Нұрлыбеков атындағы мектептің оқушысы: «Арғы жақтан айналып өтуге тура келеді. Айналып өтейік десек, ол жарты шақырым жерде. Сабаққа кешігеміз. Бізге мұғалім ұрсады. Оған қоса тазалық тексеретін ағайлардан ұрыс естиміз. Еден жуушы апайларға обал. Лайымызды тазалаудан шаршайды. Аяқ киім ауыстырып, арқаланып жүреміз, жоғары сынып болған соң, батпақ-батпақ болып жүре алмайсың.»

Көшенің ластығынан киімдері күнде былғанып, аяқ киімдері жиі тозады
Көшенің ластығынан киімдері күнде былғанып, аяқ киімдері жиі тозады
Ата-аналар балаларына жаны ашып, ашуға әбден булыққан
Ата-аналар балаларына жаны ашып, ашуға әбден булыққан

Балаларының балшыққа батып, су кешіп жүргені ата-аналардың жанына батады. Шағымдарын арқалап, әкімдіктің табалдырығын да тоздырған. Құрғақ уәдені арқалап келетін хаттардың да шегі жоқ. Шырылдаған халық Ордабасы ауданының әкімі мен жуырда ғана сайланған ауыл әкіміне ашулы.

Шұбарсу ауылының тұрғындары Шерімбай ақсақалдың жолдың жырын жырлап, бармаған жері қалмағанын айтады
Жергілікті тұрғын Шерім ақсақалдың жолдың жырын жырлап, бармаған жері қалмағанын айтады

 Шерім Асылбеков, Шұбарсу ауылының тұрғыны: «Осы жерге өзіміз ақша жинап, тас төсеткенбіз. Биыл жазда бұл жерге жол саламыз деп, сол тасты да қырып тастады. Егер  сол шағал тас болғанда  бізге сәл болса да жүруге оңай болар еді!»

Бұл аудан әкімдігінен келген жауаптылар. Мәселенің мән-жайына қанықпыз, шешуге дайынбыз дейді.
Бұлар – аудан әкімдігінен келген жауаптылар. Мәселенің мән-жайына қанықпыз, шешуге дайынбыз дейді

Ал аудан әкімдігінің мамандары осы уақытқа дейін жолдың жөнделмей келген себебін қаржының тапшылығынан дейді. Бүгін олар келер жылы Тәуелсіздік көшесі жөнделеді деп, 13 миллион теңгеден аса қаражат қарастылырылып отырғанын да жеткізді.

Ордабасы ауданы әкімдігінің ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары көшеге келер жылы жөндеу жүргізіледі деп отыр
Ордабасы аудандық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары көше ендігі жылы жөнделеді деп уәде беріп отыр

Берік Төреханов, Ордабасы ауданы ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары: «Жол жөнделеді.  2014 жылы жоспарға еніп қойған. Тиісті құжаттарының барлығы дайын. 2014 жылы  көктем шыға жұмыстың барлығы атқарылады.»

Оқушылар лайды кешіп өтуге әбден үйреніп қалғандай. Үлкендердің жанайқайын түсініп, жол жөнделеме деген үмітпен жалтақтайды
Оқушылар лайды кешіп өтуге әбден үйреніп қалғандай. Үлкендердің жанайқайын түсініп, жол жөнделеме деген үмітпен жалтақтайды
Балшықты жолдан үлкендері кішілерін өткізіп отырады
Ересектер балшық жолдан кішкентайларды өткізіп отырады 
бастауыш сыныптың оқушылар үшін бұл жолдан өту-ерлік
Бастауыш сыныптың оқушылар үшін бұл жолдан жалғыз өту – ерлік

Айта өтейік, Шұбарсу ауылында 230 көше бар. Оның маңызды деген төртеуіне биыл асфальт төселген. Ал Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары жергілікті биліктің берген уәдесіне сеніп, тағы қалды. Осылайша қырқына шыдаған тұрғындар көктем шыққанша амалдай тұруға бел байлап тарқасты.

Ауылдықтар уәдеге сеніп тағы қалды
Ауылдықтар уәдеге сеніп тағы қалды
Көктем шыға жол жөнделеді деген сөздің өзі-демеу болды
Халыққа шенеуніктердің көктем шыға жол жөнделеді деген сөзіне сенуден басқа амал қалған жоқ