Шымкенттің көшелері шұрқ тесік

306
Жасын көшесі ми батпаққа айналған

Бір жылдың ішінде Шымкенттің 240 көшесі қазылған. Өкінішке орай, ойдым-ойдымы шыққан жолдардың талайы қазылған күйі қалды. Көше қазуға келісім берген құзырлы органдар оны қалпына келтіруді талап етуге құлықсыз.

Жасын көшесі ми батпаққа айналған
Жасын көшесі ми батпаққа айналған

Өз міндетіне немқұрайлы қараған 22 мердігер мекемеге бар болғаны 792 мың теңге айыппұл салынған. Ал олардың тұрғындарға келтірген залалында шек жоқ. Бүгін батпаққа белшесінен батқан Жасын көшесінің тұрғындары көшеге шықты. «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесі құбыр жүргізіп, жолды талқандап кеткен.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=IUxi_K0Ahxw[/youtube]

 

Мұнда көлікпен де, жаяу да жүру мүмкін емес. Өткен жылы ғана бұл көшеге бюджет қаражатына шағал тас төселген еді. Енді көпшілік көшені қалпына келтіруді талап етуде.

Окоп секілді траншея
Окоп секілді траншея