Биыл Ауған соғысының аяқталғанына 25 жыл толады

1666

Оқу орнында 40 жылдай ұстаздық еткен Маман Өскенбайұлы ауған соғысына үш шәкіртін өз қолымен аттандырған. Арасында бауыр еті баласы Мақсат та болыпты. Алайда, қан майданнан қаралы хабар келгенде салы суға кеткен. Жұмыс орныма екі әскери азамат келіп, «сізге № 200 жүк әкелдік дегенде түкке түсінбей дал болдым» дейді.

sssssssss

sasa

Маман ата үшін Ғалымжанның әке-шешесіне хабар айту өте ауыр болыпты. Ауғанстаннан елге оралған интернационалист-сарбаздарымызды көзі тірі кезінде ұлықтай білгеніміз жөн деп отыр қария. Сондықтан, ұлының әскерден әкелген бұйымдары мен суреттерін мұражайға өткізген. Қарияның игі бастамасын «Ерлік» мұражайының қызметкерлері қолдап, сол сұрапыл соғыстан қалған 500-ге жуық түрлі жәдігерді жиып, ғимараттың бір бөліміне қойыпты.

 Ақмарал Құдайбергенова, «Ерлік» мұражайының директоры: «Келешек өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиеге баулу керек. Осы алдыңғы буын ағалардың ерлігін кейінгі буын біліп жүруі керек. Жас қрпақты тәрбиелеу мақсатында біз осы шараны ұйымдастырып жатырмыз.»

rrrrtr

Осыдан 25 жыл бұрын, 1989 жылдың 15-ақпанында, геосаяси кордонға айналған Ауғанстаннан 10 жыл соғысудан көз ашпаған КСРО әскері шығарылды. Кеңес ордағының үлкен қателігі көптеген тағдырды жалмап, талай сарбаздың сағын сындырды. Күнгейдегі қан майданнан қайтпай қалған қаракөз қазақ баласы қаншама десеңізші?! Интернациналист-батырларымыздың ерліктерін жаңғырту үшін Шымкенттегі «Ерлік» мұражайының қызметкерлері 15-ақпанға орай Ауған соғысының ардагерлерін шақыруды жоспарлап отыр. Айта кетейік Қазақстаннан ауғанға 22 мың сарбаз аттанған. Оның ішінде 2168 жерлесіміз бар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jOOPm5sh4Q0[/youtube]