«Мәңгілік ел» жастар қозғалысы құрылды

471
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студенттері

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы аясында «Мәңгілік ел» жастар қозғалысы құрылды.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студенттері
МұхтарӘуезов атындағы ОҚМУ-дың студенттері

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерінің тікелей бастамасымен құрылған жастар қозғалысының үндеуі оқу орын белсенділерінің қолдауына бірден ие болды. Өйткені мұнда Елбасы жолдауында жүктелген міндеттерді орындау, межелеген көрсеткішке жету сынды оң бастамалар қаралған. Осылайша жолдауға қолдау көрсеткен оқу ордасы ертеңіміздің есті ұрпағын тәрбиелеуге білек сыбана кірісіп кетті.