Шымкентте жаппай қар тазаланды

515
шымкенттік тұрғандар жаппай қар тазалауда

Сенбі күні қолдарына күрек ұстанған шымкенттік шенеуніктер жаппай қар тазалауға таңсәрісден кірісіп кетті. Осылайша қаланы қар суы басуының алдын алмақ.

шымкенттік тұрғандар жаппай қар тазалауда
шымкенттік тұрғандар жаппай қар тазалауда

Екі күн бойы толассыз жауған қардың соңы жаңбырға ұласып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындай бастады. Сенбілікке шыққан қалалықтар көше бойында үйілген қар мен бітелген арық-атыздарды тазалап, жол жиектеріндегі қарды қала сыртына шығарды.

бөлім басшылары да атсалысуда

Қалалық сенбілікке қала әкімі аппаратының барлық бөлімі мен шаһардағы мемлекеттік коммуналдық мекемелердің мамандары атсалысты. Айта өтейік, осындай игі бастаманың ұйытқысы болған қала әкімі Дархан Сатыбалды да көпшілікпен бірге қар тазалады.

 

Ауа райын болжаушылар алдағы күндері де жауын-шашынды болып, жаңбырдың соңы қарға айналады деп отыр. Сондықтан қауіпсіздік шараларын сақтап, қарды қаланы сыртына шығару маңызды. Сенбілікте, әдеттегідей, қаладағы білім ордаларының студенттері белсенділік танытты.