Шымкентте 32 көшенің аты қайталанады

1024
Атауы жоқ 185 көше бар

Шымкентте көше атауы жиі қайталанады. Одан тұрғындар да шатасты, оларға қызмет көрсететін мекемелер де аяғынан тозды. Облыс орталығында бір немесе екеу емес, бақандай 32 көшенің атауы қайталанады екен. Қалалық ономастика комиссиясының мүшелері берген мәлімет осы. Бір азаматтың есімі екі немесе үш, төрт бірдей көшеге берілгенін тек шымкенттіктер емес, оларға келетін қонақтар да біліп алған. Сондықтан жанындағы нысандарды нақтылап сұрап барады. Мамандар бұл жағдай алдағы екі жылда шешімін табуы мүмкін деп отыр.

Қала орталығындағы Б.Момышұлы көшесі
Қала орталығындағы Бауыржан Момышұлы даңғылы

 Мысалы, Бауыржан Момышұлы атында қалада екі көше бар. Бірі қаланың орталығында орналасса, енді бірі – «Қайтпас-1» шағынауданында. Ол аздай Әлия Молдағүлова, Тұрар Рысқұлов, Амангелді Иманов атындағы көшелер қос-қостан емес, тіпті үшеуден кездеседі. Бұл құбылыстың кедергі келтіретін кездері де бар. Ең қиыны- жедел-жәрдем көлігі де көшелерді анықтап жүріп, науқасқа уақтылы келе алмай жатады.

Жауапты мамандар көше атауының қайталануын заңсыз деп айта алмайды. Тек шартты түрде аталған көше деп отыр. Соңғы жылдары аумағы күн санап ұлғайып отырған шаһарда шартты атауларға ие болған көшелермен қатар мүлдем атауы жоқ екі жүзге жуық көше бар. Ал тағы 200 көшенің атауы әлі заңдастырылмаған болып шықты.

Мұрат Базарқұлов, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы: «Бұл мәселенің өз кезегінде қиындық тудыратыны рас. Оның бәрін кезең-кезеңмен шешуді жоспарлап отырмыз.»

"Қайтпас-1"шағынауданындағы Б. Момышұлы көшесі
«Қайтпас-1″шағынауданындағы Бауыржан Момышұлы көшесі

Ал Асанбай Асқаровтың есімі берілген екі көшенің тұрғындары бұл кедергіге үйреніп кетттік дейді. Олар, тіпті, үйлеріне келетін қонақтарды адастырмаудың жолын да қарастырып қойыпты.

Ал мынау А.Асқаров көшесі. "Қайтпас-1"шағынауданында орналасқан
Ал мынау – «Қайтпас-1» ш/ауд. Асанбай Асқаров көшесі
Атауы жоқ 185 көше бар
Қалада атауы жоқ 185 көше бар

Қазына Есенбаева, Асанбай Асқаров көшесінің тұрғыны: «Қонақтарымыз «Асанбай Асқаров деген көше қаланың ішіндегісі ме? деп сұрайды. Біз «Қайтпас-1″ деп анықтап айтсақ, адаспай тауып келеді.»

 Енді ономастика комиссиясы шартты және заңсыз атаулары бар көшелерді алдағы уақытта ретке келтіреміз деп отыр. Ол үшін қыруар қаржы емес, екі-үш жылдай уақыт керек екен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=lBakekkEC3s[/youtube]