Төрт адам газдан уланып, көз жұмды

324
бұл жарылыста 11 адам зардап шекті

Шымкентте түн ішінде төрт адам иістеніп, көз жұмды. Облыс бойынша тағы 11 адам табиғи газдан зардап шеккен. Жаңа жылдан бері газдан улану оқиғасы тыйылмай отыр. Бұл – осындай төртінші қайғылы жағдай.

Сарыағаш ауданында оқыс оқиға орын алған үй
Сарыағаш ауданындағы оқыс оқиға орын алған үй

Оқыс оқиғаның бірі қаламыздағы Өмірбек Жолдасбеков көшесінде орын алған. Жедел жәрдем жеткенше 21 жастағы қыз бен 55 жастағы әйел көз жұмды. Олар көмірқышқыл газына уланып қалыпты.

бұл жарылыста 11 адам зардап шекті
Ал мына жарылыста 11 адам зардап шекті

Тағы бір төтенше жағдай Сарыағаш ауданының Дербісек ауылында тіркелді. Үй ішіне жиналған табиғи газ жарылып, 11 адам зардап шекті. Оның ішінде 6 бала, екі жасөспірім және үш ересек адам бар. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Қаза болғандар жоқ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5sCWKFoYBGI[/youtube]

Арман Әсібеков, ОҚО төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы: «Ол үйде табиғи газ тараған. Нәтижесінде ауа сұйықтылығы газбен арласып, жарылыс болды. Бұл факті бойынша арнайы комиссия құрылып, себебін анықтап жатыр».

газ мөлшерден тыс ауаға тараған
Газ ауаға мөлшерден тыс тараған