Жабайы сауда жойылар емес

909
Аялдама алдына қоғамдық көлік кіре алмайды

Төлеби көшесінде орналасқан «Қырғы базардың» маңын тазалау, аялдама алдын жабайы сауда қатарларынан ашу жұмыстары тағы да жалғасын тапты. Кезекті рет рейдке шыққан қала әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі заңсыз сауда нүктелерінің саны артып кеткеніне тағы бір рет көз жеткізді. Ал тексеруші топтың қауқарсыздығын ескерсе керек, сатушылар орындарынан жылжи қоймайды.

Ашуын тілшілерден алған келіншек осы
Ашуын тілшілерден алған келіншек осы

Тексеруші топ саудасына кедергі келтірсе керек, мына келіншек жұдырығын ала жүгірді. Ескерту түгілі, ішкі істер бөлімінің қызметкерінің сөзіне құлақ аспаған ол, заңды пысқырмайтынын ашық айтты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=SpXL25CjAtQ[/youtube]

Жол жиегін сауда орнынан айналдырып алғандардың рейд жұмыстарына еті үйренген. Бұрынғыдай қашпайды да, саспайды да. Базардың ішінде жай жоқ деп, тексеруші топтың жағасынан алады.

Төлеби көшесінің бүгінгі сиқы
Төлеби көшесінің бүгінгі сиқы

Ал қала көшелеріндегі ретсіз сауданы реттеп, айыппұл салатын құзырлы орган әдеттегідей, белсенділік танытпады. Хаттама толтырып, айыппұл да салмады. Керек десеңіз, бір сұхбатты қуалап жүріп, әрең алдық. Сол аумақтың инспекторы Рашид Қалдарбеков  ұнда күнделікті рейд жұмыстарын жүргізетінін айтады. Айтуынша, жұмысының нәтижесі де бар екен.

неге екені белгісіз, бірақ рейд жұмыстары барысында ішкі істер бөлімінің қызметкерлері осылай тұрады да қояды
Неге екені белгісіз, рейд жұмыстары барысында тәртіп сақшылары осылай тұрады да қояды

Ал сол нәтижені біз көре алмадық. Бәз баяғы заңсыздық, сол баяғы жабайы сауда нүктелері. Аялдаманың алды да, арты да ретсіз сауда орындарынан арыла алмай отыр.

Қайрат Базарбеков, қалалық кәсіпкерлік бөлімнің сектор меңгерушісі: «Қанша түсіндірме жұмыстарын жүргізсек те нәтиже жоқ. Мұнда ішкі істер бөлімінің қызметкерлері заң аясында айыппұл сала алады. Бірақ, бұл кісілер өз ісіне салғырттық танытуда.»

Әзірге Төлеби көшесін реттеу мүмкін болмай тұр. Бұл жолғы рейдтің де әлі жетпеді.