Көшеде автобус азайып кетті

285

Шымкентке автобус жетпейді. Күн райы суытқалы қалалықтарды тасымалдайтын қоғамдық көліктің саны қысқарды. Бұл күнде тізім бойынша жолаушы тасымалдайтын 1200 көліктің 60 пайызы ғана қызмет көрсетіп жатыр. Қара суықта жолаушыны қара жолға телміртіп қоюдың себебі – қысқы отынның жетіспеушілігі мен күре жолдың тазартылмауы.

«Айқап» шағынауданына күнделікті қатынайтын №24 бағытта жүретін 10 автобустың бүгін үшеуі ғана жолға шықты. Бірінің жанар-жағар майы тоңып қалса, екіншісі қардан тазартылмаған жолдан жүре алмайды. Сыныққа сылтау болып тұрған осы тұстар. Ал аялдамаларда мектепке жете алмай тұрған оқушылар мен жұмыстан кешіккен үлкендер көп.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=L6p-TyM4qCs[/youtube]

«Қайтпас – 1, 2», «Достық», «Қазығұрт», «Самал – 3», «Құрсай» шағынаудандарына жету – жолаушылар үшін қиямет-қайымға айналды. Автобус жүргізушілері жолға уақтылы құм мен тұздың төселмегеніне ашулы. Көліктер, тіпті, қала орталығындағы аялдамалардың қалташығына да кіре алмайды деп қынжылады олар. Мамандар бұл жағдайдан хабардар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=lDumHHzzAdE[/youtube]

Әзірге жолаушыларға көліктердің 60 пайызы ғана қызмет көрсетуде. Көлік компаниялары жағдайды тез арада өзгертіп, шара көрмесе, қалалықтар жаяу қалуы мүмкін.