Өртенген қойманы жалға алушылар шығынды өндіруді талап етеді

139

Сәрсенбі күні өртке оранған «Санжар» қоймасындағы заттардың иелеріне өтемақы төленетін-төленбейтіні әзірше белгісіз. Тілсіз жаудың кесірінен 7 кәсіпкер шығынға батқандарын айтады. Облыстық төтенше жағдай департаментінің қызметкерлерінен құрылған арнайы топ қазір өрттің шығу себептерін анықтауға кірісті.

Мамандар өрттің себеп-салдары алдағы 10 күн ішінде белгілі болады деп отыр. Жалпы аумағы 1000 шаршы метрден астам қойманы жалмаған өртті өшіру үшін 27 техника және 100-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылған. Бұл қойма алғашында жеміс-жидек сақтау орны ретінде ашылыпты. Кейін нысан мақсаты өзгергенімен, ол ресми тіркелмеген. Мұны баспасөз мәслихатын өткізген төтенше жағдай департаментінің мамандары мәлімдеді. Ал оқиға орнына өрт сөндіру көліктері кешігіп келді деген әңгіме негізсіз дейді департамент басшылығы.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=AfUB-GgqkQA[/youtube]

Бүгінде қойма аумағына күзетшілер ешкімді кіргізбейді. Тілшілер де қойма қақпасынан ары аса алмауда. Ал тауарлары жанып кеткен азаматтар сотқа шағымдануға дайын екендерін айтады. Қазір заңгерлік кеңестер алып құжаттарын дайындап жатыр екен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MpwKeB3O0Q0[/youtube]