Ауыр атлетикадан ұлттық құрамаға іріктеу басталды (фоторепортаж)

516
Қай салмақ болмасын Мадина еш бір қиындықсыз көтерді

Жиырма жасқа дейінгі ауыр атлетшілер арасындағы ел чемпионаты биыл Шымкентте өтуде. Бұл жолы 16 команданың спортшылары бас жүлде үшін таласуда. Жарысқа өз өңірінің үздіктері ғана келген. Өйткені, құраманың бас бапкері Алексей Ни осы чемпионаттың қорытындысы бойынша алдағы халықаралық турнирге құрама іріктеп алады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=H3icyv-OMGI[/youtube]

Алғашқы екі күннің өзінде-ақ көшбасшылар пайда болды
Алғашқы екі күннің өзінде-ақ көшбасшылар пайда болды

Семейлік Мадина Ташкенбаева 20 жасқа дейінгі ауыр атлетшілер арасында №1 спортшы саналады. Бойжеткен Бразилияда өтетін Олимпиадаға жолдама алады деген үміткерлердің бірі. Ауыр атлетші бұл жолы да бапкер үмітін ақтады. Мадина алдымен 85 келіні бағындырды. Ал үшінші мүмкіндігінде ол 90 келіні бағындыруға бел буды. Алайда бұл салмақты Ташкенбаева көтере алмады. Дегенмен қатарластарының арасында үздік атанып отыр. Өйткені өзгелері 85 келіні де көтере алмауда.

Мадина Ташкенбаева жастар арасында №1 ауыратлетші саналады
Мадина Ташкенбаева жастар арасында №1 ауыр атлетші саналады 
Қай салмақ болмасын Мадина еш бір қиындықсыз көтерді
Жұдырықтай қазақ қызы алдындағы белтемірді жұлқа көтереді

Мадина тек 90 келілік зілтемріді ғана бағындыра алмады

Жасы жиырмаға дейінгі бұл спортшылар – Қазақстанның ұлттық құрама командасына үміткерлер. Тағы бір-екі жылда осы ауыр атлетшілердің арасынан Алексей Ни іріктеу жасайды. Шымкенттегі бұл жарысқа ол арнайы келіп отыр. Биылғы жоспар Азия, содан кейін Әлем чемпионатында топты жару. Ал допингке қатысты дау ауыр атлетшілердің көңіл-күйіне әсер ете қоймады дейді бапкер.

Бұл жастар Азия, Әлем чемпионатында сынға түседі
Бұл жастар Азия, Әлем чемпионатында сынға түседі
Алексей Ни ел чемпионатына арнайы келіп, жастар арасында іріктеу жүргізуде
Алексей Ни ел чемпионатына арнайы келіп, жастар арасында іріктеу жүргізуде

Алексей Ни, ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері: «Бұл жастардың арасынан міндетті түрде іріктеп алып, алдағы уақытта ұлттық құраманың қатарына қосамыз. Қазірдің өзінде ептілері бар. Көрсеткіштері жаман емес. Оның үстіне Лондондағы Олимпиададан кейін қазақстандық ауыр атлетшілерден шетелдік спортшылар жүрексінеді. Ал біз көтерілген шыңнан түспеуіміз қажет.»

 Салмақ ауырлай түскен сайын спортшылардың қатары да кеми түсті
Салмақ ауырлай түскен сайын спортшылардың қатары да кеми түсті

Жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты наурыздың үшінші жұлдызында Банкогта өтсе, Әлем чемпионатының жалауы маусым айында Қазан қаласында көтеріледі. Ал жастар арасындағы Олимпиада ойындарында ауыр атлетшілеріміз тамыз айында сынға түспек.

Жәмиля Жәнібек жұлқи көтеруде 40 келілік зілтемірді ғана көтере алды
Жәмиля Жәнібек жұлқи көтеруде 40 келілік зілтемірді ғана көтере алды

Қызылордалық Жәмиля Жәнібек те алтын медальдан үміткер еді. Алайда жұлқи көтеруде ол 40 келіні көтере алмай, жарысты осы көрсеткішпен аяқтады.

Жастардың шеберлігін байқау үшін бір топ жанкүйерлер де жиналды
Жастардың шеберлігін байқау үшін бір топ жанкүйерлер де жиналды

Ел чемпионатына 16 команданың ауыр атлетшілері жиналған. Олардың арасында шымкенттік құрама да бар. Алайда, бас бапкердің сөзіне сенсек, Оңтүстікте бұл жас ерекшелегінде топты жарар спортшы жоқтың қасы.

Қосымша бөлмеде спортшылар жарысқа дайындалуда
Қосымша бөлмеде спортшылар жарысқа дайындалуда
Ең бастысы жарыс алаңына 100 пайыз дайын шығу
Ең бастысы – жарыс алаңына 100 пайыз дайын шығу

Бұл бойжеткеннің де бүгін жолы болмады

Бұл жастардың арасында топты жарар шымкенттік ауыратлетші жоқ екенін Алексей Ни тілге тиек етті

16 команданың арасынан топты жару ауыратлетшілерге оңай тимеді
16 команданың арасынан топты жару ауыр атлетшілерге оңай тимеді

Азия, Әлем чемпионатына іріктеу осы жастардың арасынан жүргізіледі