«Еріктілер мектебіне»іріктеу өтті

310
іріктеуге келген жастар

«Жас Отан» жастар қанаты Оңтүстік  Қазақстан облысының ішкі активін қалыптастырып, дамыту және  ілгерілету мақсатында «Еріктілер мектебі» жобасына іріктеу өтті.

іріктеуге келген жастар
Іріктеуге келген жастар

DSC_0552

Жобаға 16 – 29 жас аралығындағы, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға арналған түрлі оқыту курсынан өтуге ниетті 50 жас іріктелініп алынды.  Жобаның басты идеяларының бірі болып «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізуге еріктілерді даярлау бойынша білім беру модульдерін қалыптастыру болып табылады.

Модульдерге шетел тілін және Қазақстан тарихын оқыту енеді. Осылайша дәрістер, тренингтер, семинарлар өткізу арқылы «Жас Отан» жастар қанатының белсенділер топтары қалыптастырылады. Оның қатысушылары Қазақстан тарихы және ұлттық мәдени құндылықтар жайлы білім алады.