Полицейлер халық алдында есеп берді (видео)

384

Таяуда облыстық ішкі істер департаментінің жоғарғы шенді қызметкерлері халықпен кездесті. Политехникалық колледжде өткен жиынға департамент басшысы, генерал-майор Асқар Оспанов пен Әл Фараби полиция бөлімінің басшысы Данияр Мейірхан бастаған құқыққорғаушылар келді. Тәртіп сақшыларының жұмысы қорытындыланған жиында тұрғындар тарапынан көкейтесті сұрақтар да қойылды.

Облыстық ішкі істер департаментінің басшысы алдымен өткен жылды қорытындылады. Жалпы, 2013 жылы өңірімізде ашылған қылмыс аз болмаған. 631 аса ауыр қылмыс сотқа жолданған. Дегенмен, ұсақ ұрлық пен тонау әрекеті көбейіп отыр. Осындай келеңсіздіктің алдын алу үшін тәртіп сақшылары халыққа сыйақы да ұсынған.

Данияр Мейірхан, Әл Фараби ПБ басшысы: «2013 жылы қылмысты ашуға және құқықбұзушылықтың алдын алуға қатысқаны үшін 32 азамат жалпы 553 мың теңгемен марапатталды.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5t0GV7OzeOI[/youtube]

Мұның бәрі жақсы-ау. Бірақ, халықты өзге де мәселе мазалайды. Соның бірі – жезөкшелер мен пәтерін жалға беретіндердің жыры. Осыған ашынған тұрғындардың бірі өз үйінің маңындағы былықты өңіріміздің бас тәртіп сақшысының алдында жайып салды.

Ертай Есжанов, Республика даңғылы, 15 А үй комитетінің төрағасы: «Өткенде 4 күн бойы тыныш болып қалды. Неге деп таң қалсақ, рейд болады екен..! Соны аналар біліп қойыпты. Екі-үш автобус көшені айналып жүрді. Одан кейін автобус кеткен соң барлығы қайтадан көшеге шықты. Жолдас генерал, осы істі қатаң бақылауға алыңызшы?!»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1SgxN5bCPYg[/youtube]

Генерал-майор дереу осы ауданның учаскелік инспекторын орнынан тұрғызып, нақты тапсырма берді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=GQnsbbcpQxM[/youtube]

Департаменттің мамандары мұндай кездесулер алдағы уақытта да ұйымдастырылады уәде берді. Көктемге қарай тәртіп сақшыларымен Абай және Еңбекші аудандарының тұрғындары кездеседі.