«Резіңке етікпен өзің барасың су кешіп»

Әселхан Қалыбекова, халық ақыны
Әселхан Қалыбекова, халық ақыны
Әселхан Қалыбекова, халық ақыны

«Резіңке етікпен өзің барасың су кешіп»

Әселхан Қалыбекова, Халық ақыны: (Отырар ауданында өткен есеп беру жиынында облыс әкіміне арнаған жыры)

Жетеді бізде емханалармен мектептер.

Мешіттер де бар, дініңді болсаң әспеттер.

Азан шақырса қанатын жайып тыңдайды.

Жаңа шатырға ұясын салған көк кептер.

Бұрыш-бұрышын, дұрыс-бұрысын тексеріп.

Іскер әкімнің қолынан өткен екшеліп.

Елеусіз қалған ескінің көзі жаңарды, 

Ертеңге жарар елдің қажетін ескеріп.   

Көре алмастықтар, қарау пиғылдар жоғалшы.

Қанағатыммен ынсабым қайта оралшы.

Мың жылғы арман осы еді дейді бас шайқап.

Балтакөлдегі көпірден өткен жолаушы.

Ақ ұлпа қардай адалдығыңды арманда.

Тәртіпке құл бол, тәртібі төмен жалғанда.

Түркістандағы түмен бап түгел қол жайған, 

Ақ бас бураны құрбанға атап шалғанда.

Көк күнбезбенен көкке бір тиіп төбеміз.

Рухымыз өсіп, ил Алла тәуба дегеміз. 

Діл раушанның жұпарын шашқан сонда кім?

Түсінуге бірақ, жеткен жоқ әлі өреміз.   

Атаның күші, ананың сүті қасиет. 

Санаңа сіңген билерден қалған өсиет.

Қараша жұрттың қайғысын, мұңын ұғуға,

Басылу керек, ашылу керек көкірек.   

Қу тірлік алдап, құдайға мойын бұрғызбай.

Мәңгі өлместей біз неге осы жүрміз жай.

Саясаты дұрыс әкімнің аман өтпекке, 

Тәуелсіздікті тәубәсіздікке ұрғызбай.  

Шыршы мейрамнан шындықты асырған бір Асқар

Алашын сүйген азамат солай құлаштар.

Жүздеген завод, керілген ғимараттарымен,

Кереге жайған қалада соны растар.   

Ізгілігіңді жазамын жұртқа үлгі етіп. 

Кеудеңді тостың, жабылмай жатса бір кетік.

Апатты жерге бұрылып кетпей сыртынан,

Резінке етікпен өзің барасың су кешіп.   

Иманды жолы осылай ата-бабаның.

Елбасы берген, ел-жұртың берген баға бұл.

Өмір бәйгеде өзіңмен озды оңтүстік. 

Бақ талайыңмен бастай бер алға қарағым!