Шардара су электр стансасы жұмыс қуатын арттырмақ

Енді шалғайда жатқан ауыл ағайындары электр энергиясымен толық қамтылатын болады. Осы мақсатта Шардара су электр стансасы жаңарту жұмыстарын бастады. Облыс тұтынушыларының электр энергиясына деген қажеттілігінің 20 пайызын қамтып отырған өндіріс орны сағатына 100 мегаватт электр қуатын өндіреді. Келер жылы Шардара СЭС-нің құрылғанына 50 жылдың жүзі болады.

«Елу жылда ел жаңа.» Электр энергиясына деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Осы мәселені шешу үшін мекеме биыл жаңарту жұмыстарын бастап жіберді.

Шардара ГЭС

Шардара ГЭС

Шардара ГЭС

Әзіретқұл Нармұратов, ауысымның аға жетекшісі: «Біздің өндіріп жатқан электр энергиямыз қазір тек өзіміздің ғана өңірге жетіп жатыр. Яғни, 5-6 аудан. Келешекте модернизация жасап, өнімімізді ұлғайтпақшымыз. Қазір 100 мегаватт шығарып жатсақ, келешекте, 3 жылдың көлемінде 125 мегаватт қуат өндірсек деп отырмыз.»

Жаңарту жұмысының басы-қасында неміс компаниясы жүр. Енді аталған мекемедегі 150-ден астам жұмысшының қатары көбейтіліп, құрылғы атаулы жаңарады. Жалпы, тиісті жұмыстардан соң су электр стансасының қуаттылығын 16 пайызға арттыру жоспарланып отыр. Бұл – шалғай ауылдағы ағайынның да жарығы бір сәтке болсын сөнбейді деген сөз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bxUX3qKnt3U[/youtube]

Сейітмұрат Сайманов, стансаның бас инженері: «Жаңартылғаннан кейін осы 100 мегават 16 пайызға көбейеді. Ол – сағатына 57 миллион киловатт деген сөз. Тиісті жұмыстардан соң Оңтүстіктегі электр энергиясының тапшылығы біраз азаяды деп отырмыз.»

Еліміз бойынша электр қуатын өндіретін 5 алып компания бар. Облыстағы тұтынушылардың 20 пайызын электр жарығымен қамтитын Шардара су электр стансасы да сол ірілердің бірі. Алайда, қалған 80 пайыз қуатты бауырлас қырғыз елінен сатып алып жатқанымызды ескерсек, жаңарту жұмыстарының тезірек біткені елдің экономикасы үшін тиімді екені анық.

Шардара ГЭС

Шардара ГЭС

Шардара ГЭС

Шардара ГЭС

Шардара ГЭС

Шардара ГЭС