Төріңізге Шымкенттің кілемін іліңіз

Қазақстанда жасалған! Енді үй жиһазына қажет кілем алсаңыз, түріктің немесе иранның текеметіне қызықпай-ақ қойыңыз. Қалаған өрнегіңізді салып, тоқып беретін фабрика Шымкентте де ашылды. Отандық өнімнің сапасы шетелдікінен кем емес. Әрі өзіміздің өнім басқалармен салыстырғанда айтарлықтай арзан болады деп сендіреді кәсіпкерлер.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=94hv6Wj3SiM[/youtube]

Бал текстиль

Бал текстиль

Кілем тоқу процесінің алғашқы баспалдағы 4 станоктан басталады. Бірінші кезең бойынша іске қосылған 6 желі қазір «Алатау» және «Тұран» брендтері бойынша текемет тоқуға кіріскен. Ал ондағы ою-өрнек талғамыңызға байланысты. Әзірге жылына 2 миллион шаршы метр кілем тоқуды жоспарлап отырған фабрика маман мәселесінде түрік ағайындарға тәуелді болып тұр.

Бал текстиль

Бал текстиль

Талғат Ысқақов, «Бал Текстиль» ЖШС директоры: «Алғашқы кілем өнідірісі болғаннан кейін өте қиын болып жатыр. Өйткені, мамандар жоқ бізде. Түркиядан жоғары білікті мамандарды алып келіп, сол кісілер бізге мамандарды дайындап жатыр. Біздің мақсатымыз – жергілікті мамандарды кілем өндірісіне дайындатып, кілемнің өзіндік құнын төмендету.»

Кілемнің нақты бағасын монополистер айта қоймады. Дегенмен, көтерме саудадағы құны арзан дейді. Егер Батыс Қазақстанда салынып жатқан шикізат зауыты бітсе, отандық текеметті шетелдікімен салыстырғанда 20-30 пайызға арзан сатып алуға болады. Өйткені, тауар баж салығынан босатылады һәм тасымалдау шығынсыз болады.

Бал текстиль

Бал текстиль

Сапарбек Тұяқбаев, облыс әкімінің орынбасары: «Бұл кәсіпорынның тауарына сұраныс болатынына біздің ешқандай күмәніміз жоқ. Өйткені, «Бал текстиль» болсын, қасында соғылып жатқан «Есенжол Назар» болсын, бұл екі кәсіпорын Қазақстан нарығына Түркиядан 20 жыл бойы импорт жасаған ірі саудагерлер. Сондықтан да бұлардың Қазақстанда өз нарығы бар. Фабриканы қосар-қоспас бұрын олар шығарылған өнімдерді өз дүкендеріне жеткізіп жатыр. Сатылып жатыр. Қазіргі таңда біз проблема көрмей тұрмыз.»

Бал текстиль

Бал текстиль

Кілем фабрикасы 2016 жылы толық қуатта жұмыс жасйтын болады. Дәл сонда жылына 10 миллион шаршы метр текемет тоқылып, республика нарығындағы кілем сұранысының 60-70 пайызын қамтымақ. Жалпы, 4 кезеңнен тұратын, 26 желі бойынша жұмыс істеуі тиіс жобаның құны – 8,450 миллиард теңге. Бұл – 600-ден астам жұмыс орнының ашылуы деген сөз.

Текемет тоқуда экспорттың жайы да ұмыт қалмаған. Жыл сайын 4 миллион шаршы метрлік өнім ТМД елдеріне саудаланбақ. Олай болса, төріңізде Қазақтың текеметі жайылатын күн алыс емес.

Бал текстиль

Бал текстиль 

Бал Текстиль 

Бал Текстиль

Бал Текстиль

Бал текстиль