Жастар Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

579
Кездесуден естелік сурет

Шымкенттегі жоғарғы оқу орнының студенттері Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті. «Ерлік даңқы өшпейді» тақырыбы аясында өрбіген шарада кеш кейіпкерлері жастарға бастан өткерген қиын-қыстау оқиғаларын айтып берді. «Шымкент жастары» мекемесі қолға алған бастамада сол бір жылдардан сыр шертер бейнероликтер де ұсынылды. Айта кетейік, Ауғанстан соғысына Қазақстаннан 22 269 жауынгер аттанса, оның 768-і – Шымкенттің сарбаздары.

Ауған соғысының ардагерлері
Ауған соғысының ардагерлері

Көпшілік кеш кейіпкерлерінің сөзіне құлақ қойған

Ардагерлер ауған жеріндегі майданды айтып берді

Әнуарбек Тоғаев, ауған соғысының ардагері: «Мен Ауған соғысына 1987 жылы бардым. Ауған тілін үйрену үшін Ташкенттегі арнаулы оқу орнында 1 жыл оқыдым. Осылайша 32 жасында майданның ортасынан бір-ақ шықтым. Сол кезде полиция қызметкері, аға лейтенант қызметін атқардым. 2 жыл сол жерде болдым. Қазір – зейнеттемін. Сол қантөгістен тірі қайтқаным үшін Аллаға шүкіршілік етемін. Көптеген азаматтар қаза тапты ғой. Ештеңге өкінбеймін. Екі ұлым бар. Бақыттымын. Ал жастарға айтарым – ешқашан жүректеріңнен туған жерге, мынау елге деген патриоттық сезімді жоғалтып алмаңдар! Кең-байтақ жерімізді аман сақтап қалу да осы өскелең ұрпақтың қолында ғой. Сондықтан, жастар өздерін-өздері тәрбиелеу керек. Бұл – тәуелсіз елдің ұрпағының міндеті!»

Студенттер

шара соңында ардагерлерге сый-сыяпат табыстады
Кездесу соңында ардагерлерге сый-сыяпат табыстады 
Кездесуден естелік сурет
Кездесуден естелік сурет