Құрдасын атқан жеткіншек сотталды (видео)

277
Бейне-бақылау камерасының жазбасы

Жаппай төбелес кезінде қару қолданған жеткіншектер сотты болды. Өткен жылдың 2-қарашасы күні тапа-тал түсте төбелесіп қалған бір топ жас атыс ұйымдастырған болатын. Бір жарым ай көлемінде қаралған іске нүкте қойылды.

Бейне-бақылау камерасының жазбасы
Оқ атылған сәт бейне-бақылау камерасына жазылып қалған

Бүгінгі сот отырысына келгендер қатты қобалжып отыр. Оның себебі де бар. Өйткені екі тарап та оқыс оқиға болғаннан бері сары уайымға салынған. Жәбірленуші жақ сотталушыға қатаң жаза талап етсе, айыпталушы жақ керісінше пікірде. Атыс кезінде оқтан жарақат алған жеткіншектің анасы оқ атқан жігітті кешірмеймін дейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=W69jN6uIO8k[/youtube]

Оқ атқан – 19 жастағы жігіт. Әлденеге келісе алмаған жастардың кездесуі жаппай жұдырықтасуға ұласады. Сол кезде оқ атқан. Соның кесірінен екі жеткіншек опат бола жаздады. Тергеуде жігіттердің қызға бола жұдырықтасқаны анықталды.

Серікбай Төлепбергенов, ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы: «Сұрау барысында бірі ініме сөз айтты деді, басқа бірі таныс қызға сөз айтты деді. Біз енді оқиға бойынша зерттейміз, сол жерде екі адам жарағат алғаны бойынша істі қарадық.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=cfgjYllblZw[/youtube]

Атыстың салдарынан екі жасөспірім травматикалық оқтан жарақат алып, ауруханадан бір-ақ шықты. Бұл іс бойынша айыптылаушы ретінде тергеуден 6 азамат өткен. Болған жағдай бейнекамераға түсіп қалған. Соның көмегімен оқ атқан баланың әрекеті толығымен дәлелін тапты.

Серікбай Төлепбергенов, ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы: «Абдулла Азат Қажымұқанұлы ҚР ҚК-нің 103-бабы, 2-бөлігі «А», «Ж» тармақтарымен кінәлі деп танылсын. Осы бап негізінде оған 4 жылға бас бостандығынан айру жазасы тағайындалсын. Тағайындалған жазаны жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтесін деп белгіленсін.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=tVlgble9iR0[/youtube]

Қалған 5 жігіттің үшеуі екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Кәмелет жасқа толмаған екі жеткеншекке бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.