Ордабасы ауданында тағы бір қыш зауыты ашылды

Бадам ауылында жылына 25 миллион дана кірпіш шығаруға қауқарлы өндіріс орны іске қосылды. Индустриаландыру картасы аясында қолға алынған жоба өнімінің ерекшелігі сол – қызыл кірпіштер қазіргі құрылыс талабына сай шығарылады.

Кірпіш зауыты

Кірпіш зауыты

Жаңа зауыттың ерекшелігі сол – барлық құрылғы автоматтандырылған. Малайзиялық технология бойынша жұмыс жасайтын зауыт тәулігіне 70 пен 100 мыңның төңірегінде қыш шығарады. Үш түрлі қалыпта өндірілетін сапалы қышты өте биік үйлерді салуға да қолдануға болады екен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=t5z0WF6Sp8Y[/youtube]

Нұралы Әбішев, зауыт директоры: «Біз шығарған кірпіштің маркасы 125-тен жоғары болады. Ол дегеніміз – 12 қабат және одан да жоғары үйлерді салуға болады. Қазіргі зауыттағы қыштардың бәрі оған келе бермейді. Ескі қыштардың маркісі – 75. Біздікі 125-тен жоғары болғасын үлкен үйлерге ыңғайлы, өте тиімді қыш болып саналады.»

Кірпіш зауыты

Кірпіш зауыты

Кірпіш зауыты

Облыс бойынша қыш өндірісімен айналысатын 70 зауыт болса, соның бесеуі ғана қысы-жазы өндірісін тоқтатпайды екен. Бүгінгі жаңа зауыт та мезгіл талғамайтын өндіріс орны болып отыр.

Сапарбек Тұяқбаев, облыс әкімінің орынбасары: «Біздің өңірде құрылыс саласы өте қарқынды дамып келе жатыр. Қыш тапшылығы болған. Жазғы кезде кірпіштің импортталған кезі де болған. Жаңа зауыттарды салып болғаннан кейін біз өзімізді ғана емес, өзге облыстарды да қамтуға мүмкіншілігіміз болады.»

Оңтүстікте биыл 9 қабатты 15 үй салынбақ. Ол дегеніміз – жаңа зауыттың өнімі үлкен сұранысқа ие болады деген сөз. Қыш тапшылығын жою үшін билік тағы да 4 зауыттың іргетасын қалауды жоспарлап отыр. Ал болашақта түрлі мақсаттағы тағы 53 жоба қолға алынбақ.

Кірпіш зауыты

Кірпіш зауыты

Кірпіш зауыты

Кірпіш зауыты

Кірпіш зауыты

Кірпіш зауыты

Кірпіш зауыты

Кірпіш зауыты

Кірпіш зауыты

Кірпіш зауыты