Шымкентте жас келіншек 7-қабаттан құлап кетті (видео)

292
Шұғыл түсірілім

Шымкентте төтенше жағдай орын алды. Темірлан тасжолы бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің 7-ші қабатынан жас келіншек құлап кетті. Құдай сақтағанда ол аман қалған. Оқиға орнына құтқарушылар, жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция қызметкерлері жедел жетті. Олар зардап шеккен азаматшаны тез арада ауруханаға алып кеткен. Келіншек ауыр жарақат алды.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=0h3kJlQBILg[/youtube]

Кейінірек, терезеден құлаған әйелдің Қырғызстан азаматшасы екені анықталды. 24 жастағы келіншек Шымкент қаласындағы базарлардың бірінде жұмыс істейтін көрінеді. Алдын ала болжамға сәйкес, отбасылық жанжалға байланысты терезеден төмен түспек болыпты. Сол үшін төсек жаймаларын бір-біріне байлап, арқан ретінде пайдаланған. Алайда мата жыртылып кетіп, өзі төмен қарай құлайды. Қазір оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.