Ұлттық спорттан Қазақстан чемпионаты Түркістанда өтеді

593
аударыспақтан да бес салмақта палуандарымыз жеңіс үшін таласады

Оңтүстіктің көкпаршылары тағы бір белесті бағындыруды жоспарлап отыр. Қазақстан чемпионатына дейін санаулы ғана күндер қалды. Сол себепті шабандоздарымыз күнде атшабарда жаттығуда. Сәйгүліктер қатары да жаңарыпты. Титаник лақап аты бар мына тұлпардың жасы небары үште. Ал бойының биіктігі мен салмағы жағынан польшалық пырақ жергілікті сәйгүліктерден әлдеқайда мықты. Титаникті әйгілі палуан Ермек Байдуашев ерттеп алыпты.

Польшалық пырақта көкпар тарту Ермекке бұйырыпты
Польшалық пырақта көкпар тарту Ермекке бұйырыпты

Команда құрамы да жаңа спорттшылармен толыққан. Абылайхан Нышанбаев ересектер командасына биыл ғана қосылды. Ағаларымен бір құрамада сынға түсу Абылайхан оңай болмасы анық. Дегенмен жас жігіт ел чемпионатынан салым салмай қайтпаймын деп отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=HVSf72xnYGo[/youtube]

Абылайхан Нышанбаев, шабандоз: «Дайындығым жақсы. Мен биыл ғана ересектер арасына қосылып отырмын. Ағаларыма сенім артамын. Олар қолдарынан келгенше кеңесін аямауда. Ел чемпионаты өз алаңымызда өтейін деп жатыр. Намысты қолдан бермей, жеңіске жетеміз деп сенемін.»

Шымкенттіктер ауа-райына қарамастан жаттығуларын жалғастыруда
Шымкенттіктер ауа райына қарамастан жаттығуларын жалғастыруда
Дайындық барысында салым салудың әр бір тәсілі бірнеше рет қайталануда
Дайындық барысында салым салудың әр тәсілі бірнеше рет қайталанады
Команда қатарын биыл жастар да толықтырып отыр
Команда қатарын биыл жастар да толықтырып отыр
Көкпардан жеңіс үшін биылғы чемпионатта 16 команда таласқа түсетін болады
Биылғы чемпионатқа 16 команда қатысады

Киелі Түркістандағы ел чемпионатында бес салмақ дәрежесінде аударыспақтан да сайыс өтеді. Оған да Оңтүстік палуандары сақадай сай тұр. 90 келілер арасында облыс намысын Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Сырым Ізбасаров қорғайтын болады.

аударыспақтан да бес салмақта палуандарымыз жеңіс үшін таласады

Қазақстан чемпионатының Оңтүстікте өтуінің де себебі бар. Өйткені облысымыздың шабандоздары талай жылдар бойы жүлделі орыннан түскен емес. Биыл да қоржынға алтын медаль салынады деген үміт бар.

Қыз қуу спорт түрінен де облыс қоржынына жүлде салынады деп сендіреді саңлақтарымыз
Қыз қуудан да облыс қоржынына жүлде салынады деп сендіреді саңлақтарымыз
Түркістандағы ел чемпионатында көкпармен қатар қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу сияқты спорт түрлерінен де жарыс өтеді
Түркістандағы ел чемпионатында көкпармен қатар қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу сияқты спорт түрлерінен де жарыс өтеді

Ұлттық ойындарға биылдан бастап тағы бір түрі қосылады. Отандастарымыз үшін ол үлкен жаңалық болары даусыз.

Түркістанда өтетін бұл чемпионат алдағы Азия чемпионатына іріктеу деуге де болады. Сонда тақымына олжа басқан шабандоздардың арасынан ұлттық құрама жасақталады. Естеріңізде болса, өткен жылы ел құрамасында Оңтүстіктің төрт спортшысы құрлық аралық чемпионатта көкпар тартып, алтыннан алқа таққан болатын.