Аудандық мәслихатқа жаңа 3 депутат сайланды

280
"Сайлау жоғары деңгейде өтті",-дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы

Оңтүстік Қазақстанда жергілікті мәслихаттарға сайлау қорытындысы белгілі болды. Аудандық мәслихаттардың депутаттарын сайлау Қазығұрт, Сарыағаш, Түлкібас аудандарында өткен болатын. Сайлауға 10 үміткер қатысқан. Оның үшеуі – әйел. Үміткердің біреуі сайлауға екі күн қалғанда кандидатурасын алып тастаған.

"Сайлау  жоғары деңгейде өтті",-дейді  облыстық  сайлау комиссиясының төрағасы
«Сайлау жоғары деңгейде өтті»,-дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы

Берік Торғаутов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы: «Сайлау өтіп болған соң бір учаскеден санақ дұрыс жүргізілмеді деп арыз түскен болатын. Ол бойынша сол арада шара көрілді. Комиссия мүшелері бюллетеньдерді қайта есептеп, санақтың дұрыс жүргізілгеніне көздері жетті. Шағымданушы да сайлаудың нәтижесін көріп, көңілі толатынын жеткізді.»

Сөйтіп, аудандық мәслихаттың депутаты болып Қазығұрт ауданынан «НұрОтан» партиясы ұсынған Нүрипа Тоқбердиева сайланды. Сарыағаш ауданынан өзін-өзі ұсынған Қуатбек Есенқұлов 1745 дауыспен, ал Түлкібас ауданынан «НұрОтан» партиясы ұсынған Асланбек Нұранов сайланды.