Бозарық халқы «Су құбыры іске қосылмаған, қалаға қатынау қиын» дейді

237
Бозарықтықтар әлеуметтік мәселелерінің шешілмегеніне наразы

Шымкенттің іргесінде тұрып, орталыққа қатынай алмай отырған ел № 71 бағыттағы қоғамдық көліктің жұмысына наразы. Әсіресе, таңғы және кешкі қарбаласта қоғамдық көлік жүргізушілері жолаушының қауіпсіздігін емес, түсетін табысты көбірек ойлайды деп ашынады Бозарық тұрғындары.

Валихан Юсупов, «Южанка» кооперативінің  төрағасы: «Қоғамдық көлікте жүру қауіпті, бір-ақ есігі бар. Лық толғанда демалуың қиындайды. № 71 автобус құйындатып жүргенде жаныңды шүберекке түйіп, аман жетсем дейсің. Өткен жылы Ғани Ильяев көшесінде бір автобус аударылып түскен.»

Бозарықтықтар әлеуметтік мәселелерінің шешілмегеніне наразы
Бозарық халқы әлеуметтік мәселелерінің шешілмегеніне наразы

Бозарық тұрғындарының басқа да айтары бар. 13 мыңнан астам халық тұратын елдімекен суды о бастан осындағы су топтамасынан сатып ішеді, бірі айына 300 теңге төлесе, бірі цистернасына екі жарым мың теңге береді екен.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=c2QtqcSf6kw[/youtube]

Алтынай Бөлтірікова, Бозарық шағынауданындағы орам төрайымы: «Былтыр су жүйесін жүргізген еді. Қалай болса, солай салып кетті. Енді ол қашан қосылады? Мердігерлерге 45 миллион теңге қаржы бермепті. Олар соттасып жатыр. Сонда олар қала әкімдігімен соттасып жатыр деп, біз келіп тұрған жүйеге қосылмай, су ішпейміз бе?»

Су жүйесінің  сиқы мынау
Су жүйесінің сиқы мынау

Тозығы жеткен электр жүйесі де тұрғындарды шығынға батырған көрінеді. Айтуларынша ток кернеуінің жоғарылауынан мұнда тұрмыстық техника жиі істен шығады екен. Қала әкімдігіндегілер бұл күрделіктер кезеңімен шешіледі дейді.

Нұрлан Жаманкөз, қалалық ТҮКШ энергетика жөніндегі сектор меңгерушісі: «Бозарық» қосалқы станциясы салынуда, жазда құрылысы бітеді. Жобалық-сметалық құжатына сәйкес жүйе тартылады. Бозарық-1, 2, 3 елдімекендері электр жарығымен  2015 жылға дейін толыққанды жаңа жүйеден қамтылады.»

Жауапты маманның мәлімдеуінше, Бозарық шағынауданын табиғи газбен қамтамасыз ету – келер жылдың еншісінде. Тұрғындар болса балабақша мен мектеп салу да 13 мыңдай халқы бар елдімекенге артық етпес еді дейді.