«Даму» демеген кәсіпорындар (фото)

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аумақтық филиалы БАҚ өкілдерін жинап, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қолдау көрсетілген кәсіпорындарды аралап, таныстырды.

Самат Ақылбеков
Самат Ақылбеков

 

3

4

5

6

«Маған «Даму» қорының кәсіпкерлік курстары көп көмектесті. Енді меншігімдегі ғимаратты клиникаға айналдыруды жоспарлап жүрмін. Осы мақсатта қормен байланысымызды әрі қарай жалғастыруға үміттіміз», – дейді орталықтың бас дәрігері Шоқан Баймұхамедов.

7

 

8-1

9

 

 

 

«Южказэкопроект» ЖШС экологиялық мониторинг, консалтинг жүргізумен айналысады. Кәсіпорындар мүддесін қорғап, олардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарын жақсартуға үлес қосып жүр.

11

Бұл компания да қордың қолдауының нәтижесінде заманауи әрі бірегей мобильді зертханаға ие болған.

10

«Көптеген жылдар бойы бақылаушы органдардың актілерін догма ретінде қабылдап, олармен келісуден өзге амал болмайтын. Біздің тарапымыздан кәсіпорын үлкен көмек алады. Егер бақылаушы органдардың тұжырымдамасы біздің тарапымыздан да дәлелденсе, онда кәсіпорын тез арада өз қателіктерін түзетуі керек болады» дейді ГауҺар Құдайбергенова.

12

Бұл компанияда қазіргі таңда 30-ға жуық адам қызмет етеді.

13

Соңғы барған мекеме – 2012 жылы іске қосылған «Строй ЮГ Групп» ЖШС. Бұл жерде құрылыс материалдарын, сондай-ақ, көп қуысты жабын плиталары мен ауыл шаруашылығына арналған шпалер өндіріледі.

15

«Қазір қордың қаржыландыруымен қосымша инфраструктура тартылды, яғни, жоғары кернеулі электр желісі мен таза су. Өнімдердің сапасын арттыруға талпынып жатырмыз. Сұраныс та біртіндеп жоғарылап келеді. Жаңа цех салынып жатыр. Басында бізде 30 адам жұмыс істесе, қазір 103 адам қызмет етеді» дейді «Строй ЮГ Групп» ЖШС директоры Серік Тыныштықбаев.

18

16

Кәсіпорын қуаты жылына 20 мың дана плитаны құрайды.

19

Жыл басынан бері «Даму» қоры аумақтық филиалы жанындағы КҚО-да облыстағы 1013 кәсіпкерге 1 073 қызмет көрсетіпті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=1_ZozP_hDUQ[/youtube]