Оқу-жаттығу жиыны өтті

Қуатты жер сілкінісі салдарынан Шымкент қаласы аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытында үлкен өрт болды. Қаламыздағы үлкен стратегиялық нысандардың бірінде өткен оқу-жаттығу жиыны осындай сценарий бойынша ұйымдастырылды.

1

2

3

4
«»Petro Kazakhstan Oil products» зауыты аумағында жер сілкінісі салдарларын жою жөнінде хабар берілді.

6

7

8
Дабыл қағылғаннан кейін азаматтық қорғаныс бөліміне қарасты апатты-құтқару жасақтары, газ-құтқару топтары апат орын алуы мүмкін орындардың бүтіндігін тексеруге кірісті.

9

10

11
Зілзала дүмпуі екінші рет қайталанғанда құбыр жұмыстарын тексеру тобы бензин сақталған резервуарлардың бірі тесілгенін анықтады. Зауыттың «Өртке қарсы» акционерлік филиалының жасағы мен төтенше жағдай департаментінің өртке қарсы қызметі өрт орнына келіп жетті.

13
Мұнай өнімдерінің жануын ақ көбікпен тоқтату ғана мүмкін болғандықтан, өрт ошағына ақ көбік шашылды.

14

15
Жан-жағындағы резервуарларға жалын таралмас үшін, оларға да су шашылды. Осылайша тілсіз жаудың беті қайтарылды.

5

Жаттығуға барлығы 150 адам мен 16 арнайы техника жұмылтырылды. Шара аяқталған соң облыстық төтенше жағдай департаментінің басшылары жаттығудың қорытындысына оң бағасын беріп, өртті сөндіру әрекеттерінің сәтті өткенін атап өтті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ujg1-1MTLiE[/youtube]