Пәтер тонау ма әлде дәрет сындырғысы келді ме?

248
Күдікті азамат пен пәтер иесі

Шымкенттің полицейлері пәтер тонау қылмысына тосқауыл қойды. Бұл жолы жол-патрульдік полициясының қызметкерлері қырағылық танытқан. Бұл қылмыс жайындағы суыт хабар Республика даңғылы бойындағы көпқабатты тұрғын үйден түскен.

Күдікті азамат пен пәтер иесі
Күдікті азамат пен пәтер иесі

Осындағы пәтер иесі 102 нөміріне қоңырау шалып, үйіне ұрылар түскелі жатқанын айтады. Оқиға орнына дереу сол маңда кезекшілікте жүрген жол-патрульдік полициясының экипажы аттанады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=_9zIRn2unwI[/youtube]

Пәтер иесінің айтуынша, ұсталған осы азамат бұған дейін де бірнеше рет пәтеріне кірмек болыпты. Қасындағы жолдастарымен бірге үйдің маңын бірнеше рет торуылдап жүргенін байқапты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=l1RQp6OOzRU[/youtube]

Ал ұсталған азамат ештеңеден қымсынбайды. Өзін еркін ұстап отыр. Айтуынша, пәтерге кіру ойында болмапты. Бар болғаны сол маңға дәрет сындырмақ болдым дейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=foElJqO9xsg[/youtube]

Полицейлердің анықтағанындай, бұл азамат бұған дейін екі рет сотты болған. Сондықтан, оның айтқанын тағы да мұқият тексеру керек деген тәртіп сақшылары сезіктіні Әл Фараби полиция бөліміне алып кетті.