Шымкентке қонаққа түріктер келді

256

Шымкент қаласына түрік делегециясы келді. Тоғыз кісіден құралған топтың арасында ақын-жазушылар мен суретшілер, сазгерлер бар. Мұндағы мақсатымыз – Қазақ елімен мәдени байланысты күшейту дейді бауырлас елдің өкілдері.

Қазақстан тәуелсіздік алғанда ең бірінші құттықтап қуанған да, елімізге президенті алғашқы болып келген де – осы Түркия. Шымқалаға келген қонақтар шаһарымыздың тарихымен танысып, Арыстанбаб, Түркістандағы Хожа Ахмет Яссауи кесенесін аралайды. Түркия елінен тап осындай мәдени шарамен арнайы делегацияның бұл алғаш келуі.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=bd7oli_AzII[/youtube]