Шымкентте мотошеру өтті

391
Мотошеруге 150 байкер қатысты

Шымкеттік байкерлер кезекті ІІІ маусымын бастады. Шараға жерлестерімізден бөлек еліміздің өзге де аумақтарынан және шетелдік мотокөліктің тізгінін ұстағандар жиналды. Шымқаланы айнала жүріп өткендер алдымен №3 балалар үйіне кіріп, тәрбиеленушілеріне сый-кәдесін табыстауды ұмытқан жоқ.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Qa7Btwf-kww[/youtube]

Айта кетейік, қалалық әкімдіктің қолдауымен жүзеге асқан шараға 150 байкер жұмылдырылған. Кешқұрым Қажымұқан стадионына келіп, тұрақтаған топтың айтуынша, бастама 1-мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күні қарсаңында арнайы ұйымдастырылып отыр.

Мотошеруге 150 байкер қатысты
Мотошеруге 150 байкер қатысты
Бойжеткендер би биледі
Бойжеткендер би биледі

 

 

Қатысушылар шарада мотоциклдің мүмкіндіктерін көрсетті
Мотоцикльдің құлағында ойнағандар

Олег Ким, байкер: «Биыл 3-ші рет қатарынан осы байкерлер маусымын ашып, өткізіп отырмыз. Мұндағы мақсатымыз – темір тұлпарды көшеге шығару емес, баршаны ауызбіршілікке шақыру. Мейірім мен махабатқа баулу. Қазір өткен жылдарға қарағанда қатарымыз анағұрлым артты. Және бұл шара арқылы жаяу жүргіншілер мен мотоцикль жүргізушілерінің жол ережелерін де түсіндіреміз.»